14.06.2019, 23:14 36811

Қазақстанда халықаралық әке күні атап өтілді

Қазақстанда мектеп жасына толмаған балалардың күтімімен тәрбиесіне әкелердің тек 6,6% ғана қатысады.

Нұр-Сұлтан. 14 маусым. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтанда мамандықтары әртүрлі әкелер Халықаралық әке күнін тойлап, өздерінің балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісті.

БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ-ның тұрғын халық саласындағы қоры (ЮНФПА), "БҰҰ Әйелдері" құрылымы ұйымдастырған іс-шараға БАҚ, халықаралық ұйымдар және азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Қатысушылар өздері үшін әке болу деген не екенін және қандайда бір қиындықтарды жеңіп, өз балаларының өміріне белсенді түрде қатысатыны туралы айтып берді.

"Бала тәрбиесіне әкелердің қатысуы баланың жалпы дамуына ғана оң әсерін тигізіп қоймай, үйдегі серіктестер арасындағы үй жұмысын теңдей бөлу арқылы отбасының нығаюына да септігін тигізеді", - деп БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура атап өтті.

Қазақстанда мектеп жасына толмаған балалардың күтімімен тәрбиесіне әкелердің тек 6,6% ғана қатысады.

"Бұл өте өкінішті, себебі бала күтіміне байланысты ауыртпалық көбінесе анаға түседі және әкелер өз балаларының өмірлерінде маңызды рөлді атқару мүмкіндігін жоғалтады", - деді БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура.

Бүкіл әлемде ер адамдар балалар күтімімен және үй шаруасымен күннен күнге көбірек айналысуда. Алға даму байқалады, алайда өзгерістер өте баяу жүзеге асуда. 1997 жылмен 2012 жылдар арасында әйелдер мен еркектердің үй жұмысымен айналысуға бөлетін уақытындағы айырмашылық күнделікті тек жеті минутқа қысқарған.

Әйелдер үйден тыс уақытта ер адамдармен бірдей уақыт жұмыс істегенде де, бұл теңсіздік сақталады. Бүгінгі күні Қазақстандағы әйелдер ер адамдармен салыстырғанда үй жұмысына екі есе көп уақыт жұмсайды. Сонымен қатар, қазақстандық әйелдердің 66% үйден тыс жұмыс істейді. Салыстыратын болсақ, еңбек нарығындағы ерлер үлесі тек 11% ғана артық және жалпы 77% құрайды.

Іс-шарада БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен, тележүргізуші Данияр Қошқарбаев, "Аутизм.Қолжетімді орта" қорының негізін қалаушы және "Әкелер одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы міндетін атқарушы Руслан Қазыбаев, заңгер және әлеуметтік желілердегі инфлюенсер Медет Уссеров сөз сөйледі. Спикерлер ажырасуды бастан кешіргеннен кейінгі әке рөлі, ерекше мұқтаждықтары бар бала мен кішкентай балалардың тәрбиесі туралы сөз қозғады.

Қазақстан "Әкелері Одағының" төрағасы міндетін атқарушы Руслан Қазыбаев өзінің өмірі туралы, баласы төрт жасқа толғанда аутизм диагнозы қойылғаны жайлы айтып берді. Ерекше мұқтаждықтары бар балаларға қолайлы орта жасау үшін Руслан "Аутизм.Қолжетімді орта" қорын құрды. Қордың миссиясы - жауапты әке болу маңыздылығын қоғамға түсіндіріп, жаңа норманы қалыптастыру.

"Біз әдетте әкелер жанұяға тек материалдық жағынан көмек көрсету үшін және бала тіл алмағанда тәртіпке келтіру үшін қажет деп ойлаймыз. Әке болу дегеніміз - балаға жақсы дос, серіктес болу және отбасылық міндеттерді бөлісе атқару", - деді Руслан.

2016 жылы Қазақстанда 2030 жылға дейін Отбасылық және гендерлік саясат концепциясы қабылданды. Концепция отбасылық міндеттерді тең бөлу, оның ішінде балалармен үй шаруашылығымен айналысу міндеттерін біріге атқару сияқты мәселелерді көтереді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны