30.06.2022, 15:21 9151

Қазақстанда коронавирус ауруының 137 жаңа жағдайы анықталды

Қазақстанда коронавирус ауруының 137 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 30 МАУСЫМ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 137 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 306 608 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
КВИ ауруының 137 жаңа жағдайының 77-сі Алматыда, 26-сы Нұр-Сұлтанда анықталды.
 
30 маусымға КВИ-ден 627 адам (583 КВИ+ және 44 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 99 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 528 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 5 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 0 пациент бар. 
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 28 маусымда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 3 жағдайы анықталды. 
 
Естеріңізге сала кетейік, елде коронавирус ауруының тәуліктік саны өсуде. Нұр-Сұлтан мен Алматы "сары" аймаққа жақындап келеді, алайда ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова бұл қандай да бір шектеулерді енгізуге себеп емес екенін атап өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны