24.11.2022, 11:55 18176

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді

КВИ-ден 817 адам ем алуды жалғастыруда.
Астана. 24 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 116 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 396 065 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 24 қарашада КВИ-ден 817 адам (666 КВИ+ және 151 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 122 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 695 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде - 7 пациент,
 
- аса ауыр халде - 5 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында - 2 пациент бар.
 
22 қарашада коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 7 жағдайы тіркелді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны