07.05.2019, 15:04 8654

Қазақстанда мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар әзірленуде

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет жұмыс тобының өңірлерге жасаған сапарларының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан. 7 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан 2025 жылға дейін мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар әзірлеуде. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет жұмыс тобының өңірлерге жасаған сапарларының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Шығыс Қазақстан облысында біз мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысын өткіздік, онда мүгедектігі бар адамдардың күнделікті кездесетін мәселелерін шешу жолдарын талқыладық. Бұл білім беру қызметтеріне қол жеткізу, денсаулық сақтау, жұмысқа орналастыру мәселелері. Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау бойынша қосымша шараларды қарастыратын 2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды әзірлеу тәсілдері әзірленді", - деді Сапарбаев.

Министрдің айтуынша, 2019 жылдың 2-ші жартыжылдығынан бастап әлеуметтік қызметтер порталын іске қосу жоспарланып отыр, ол жеке қажеттіліктерді ескере отырып, техникалық оңалту құралдарын өз бетінше таңдауды қамтамасыз етуге, оларды ұсыну мерзімін қысқартуға және мүгедектігі бар адамдардың қанағаттану деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Мұқтаждығына қарай техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету нормативтері қайта қаралатын болады.

Сондай-ақ, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы ауылдарда көп балалы аналар мен мүгедектігі барадамдар арасында кәсіпкерлікті дамытуға 5 мың микрокредит бағытталады.

Сонымен қатар, Қарағанды облысында Үкіметтік жұмыс тобы үш жақты республикалық комиссияның отырысын өткізді, онда қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту, еңбек заңнамасын сақтау, негізсіз қысқартулар мен еңбекақы бойынша берешектерді болдырмау үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту бөлігінде Еңбек кодексіне өзгерістер енгізу жөнінде шешімдер қабылданды.

Қостанай облысында еңбек ресурстарының ағындары (Оңтүстік-Солтүстік), "Еңбек" бағдарламасы бойынша қорытындылар мен тәсілдер талқыланды. Бағдарламаны іске асырудың соңғы екі жылында оған 1,2 млн. астам адам қатысты. Тұрақты жұмыс орындарына 695 мың адам жұмысқа орналастырылды. Оқумен 170 мыңнан астам адам қамтылды. 21,2 мыңнан астам адам өз бизнесін дамыту үшін шағын несие алды, 4 мыңға жуық адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар алды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны