Система Orphus

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін банктердің қолжетімділік картасы жасалды

17.11.2021, 18:58 74954
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін банктердің қолжетімділік картасы жасалды
Сурет: tutknow.ru
НҰР-СҰЛТАН. 17 ҚАРАША - Қазақстанда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі адамдарға (МША) арналған банк бөлімшелерінің қолжетімділік картасы жасалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қаржы ұйымдары бөлімшелерінің инфрақұрылымы туралы жаңартылған ақпарат беру үшін жұмыс тобына қатысушылар "Қаржылық қолжетімділік картасын" дайындап, қаржылық сауаттылық жөніндегі www.fingramota.kz интернет-порталына (Агенттіктің қаржылық сауаттылық бойынша оқытатын арнайы жобасы) орналастырды", - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

 
Картада үш: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелері көрсетілген. Жұмыс тобы жүргізген талдауға сәйкес бұл бөлімшелер МША қажеттіліктеріне мейлінше ыңғайластырылған: олар тиісті стандарттарға сәйкес келетін пандустармен жабдықталған, мүмкіндігі шектеулі клиенттермен жұмыс істеу үшін арнайы оқытылған менеджерлерді шақыратын батырмалар бар. 
 
Ведомствода атап өткендей, ағымдағы жылғы көктемде қаржылық инклюзия жөніндегі жұмыс тобы Алматы қаласындағы қаржы ұйымдары бөлімшелерінің МША үшін қажетті аспектілердің болуы тұрғысынан қолжетімділігіне мониторинг және талдау жүргізді. Атап айтқанда, кіреберістің қолжетімділігіне: ыңғайлы пандустардың, көзі нашар көретін адамдарға арналған арнайы жолдардың, қызметкерді шақыру батырмасының болуына және көмек көрсету процесіне талдау жүргізілді. Сонымен бірге технологиялық қондырғылар: банкоматтар мен терминалдарды МША-ның түрлі санатының пайдалана алу мүмкіндігі тұрғысынан талдау жүргізілді. Мониторинг шеңберінде сәйкессіздіктер тізімі жасалып, банктер ескеретін ұсынымдар әзірленді.
 

Болашақта өңірлердегі қаржы ұйымдары бөлімшелерінің нақты қолжетімділігіне талдау жасап, Қазақстанның барлық облыстарында осындай карталар жасау жоспарланып отыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны