Система Orphus

Қазақстанда медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу науқаны басталады

14.09.2020 7939

Алматы. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу науқаны басталады.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ брифинг өткізді. Ол 2020 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Қазақстанда медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына халықты тіркеу науқаны басталатынын хабарлады, тіркеу екі айға созылады.

"Емхана-бұл жалпы денсаулық сақтау жүйесіне кіретін алғашқы есік. Сондықтан, алдағы екі айда азаматтар тұрғылықты жері бойынша емхананы еркін таңдай алады. Отбасылық қызмет көрсету мен медициналық-санитарлық көмек қолжетімді болу үшін емхананы әркім тұрғылықты мекен-жайына жақын жерден таңдағаны дұрыс. Сонда медициналық ұйымдарға бекітілген пациенттердің денсаулығын тұрақты бақылауға және қажет болған жағдайда дәрігерді үйге шақыруға мүмкіндік болады. Бұл, әсіресе коронавирус инфекциясына байланысты пандемия аясында өте маңызды", - деді ресми өкіл.

Тіркеу науқаны 15 қарашаға дейін жалғасады. Бірақ, биыл емхананы ауыстырғаныңызбен, осы жылдың соңына дейін азаматтарға бұрын бекітілген МСАК ұйымы қызмет көрсетеді. Өйткені Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ТМККК аясында қызмет көрсететін МСАК ұйымдарына 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ақы төлей бастайды.

Б.Қожахметов 2020 жылғы 7 қыркүйектегі жағдай бойынша 231 133 адам МСАК ұйымына тіркелмегенін хабарлады.

"Тіркелмеген азаматтарға жоспарлы медициналық көмек қолжетімді болмайды деген сөз", - деді ол.

Сондай-ақ, брифингке Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Жазира Ембердиева мен Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов қатысты. Жыл сайын Қазақстанда ЖРВИ шалдыққан 500 мыңнан 1 млн-ға дейінгі жағдайы тіркеледі, ЖРВИ-мен ауыратындардың негізгі үлесін - 64,2% 14 жасқа толмаған балалар.

"COVID-19 байланысты биылғыэпидемиялық маусымға алаңдап отырмыз. COVID-19 шалдыққандар әлі де тіркелуде, тұмаумен салыстырып отырмыз. Біріншіден, COVID-19 бен тұмау вирустары ұқсас. Яғни, екеуі де тыныс алу жүйесі ауруын қоздырады - симтомсыз немесе жеңіл, тіпті ауыр деңгейдегі көптеген ауруларға әсер етеді. Екіншіден, екі вирус та байланыс, ауа арқылы жұғады. Сондықтан қол гигиенасы және тыныс алу этикетін сақтау (шынтаққа немесе майлыққа жөтелу және тіндерден тез арада құтылу) сияқты қоғамдық денсаулық сақтау шаралары инфекцияның алдын алу үшін маңызды", - деді Ж.Бекенов.

2019-2020 жылдардағы эпидмаусымда республика бойынша ЖРВИ-дің 426818 мың жағдайы, оның ішінде зертханалық расталған тұмаудың 2545 жағдайы тіркелді. Жыл сайын Қазақстанда қазан айынан бастап халықтың 10% астамы вакцина салдырады. 2020 жылы бюджет қаражатына Ресей шығарған "Гриппол +" вакцинасының 2 млн. астам дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында А(H3N2) және А(H1N1) және В тұмауы штаммдарының антигені бар.

Алдын алу мақсатында әрбір адам тұмауға қарсы ақылы егу салдыра алады, ол жеке вакцинация орталықтарында, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органнан рұқсаты бар тұрғылықты жері бойынша емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіледі. Тұмауға қарсы вакцина егетін медициналық мекемелердің мекен-жайы Денсаулық сақтау басқармасының, ТКҚСБК аумақтық департаменттерінің сайтында бар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны