11.08.2021, 17:49 43268

Қазақстанда оқушылар дәстүрлі форматта оқитын болады

НҰР-СҰЛТАН. 11 ТАМЫЗ - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу жылының басталуына дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021-2022 оқу жылында Қазақстанның 7475 мектебінде 3,4 млн-нан астам адам, оның ішінде 1 сыныпта 380 мыңнан астам бала оқитын болады. Оқу дәстүрлі форматта жүргізіледі. Вакцина алған педагогтер жұмысқа жіберіледі. Қазіргі уақытта вакциналауға жататын педагогтердің 93,1%-ы және білім беру мекемелерінің басқа қызметкерлерінің 88,4%-ы вакцина алды", - деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінде.

 
Премьер-Министр ағымдағы жылдың 25 тамызына қарай барлық білім беру ұйымдарының оқу жылын бастауға 100% дайын болуын қамтамасыз етуді, балалардың қауіпсіздігі, тамақтандыру және мектепке жеткізу бойынша барлық мәселелердің шешімін табуды тапсырды.
 
Премьер-Министр осы жылғы 25 тамызға дейін медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдардан басқа, педагогтар мен техперсоналды вакциналаумен 100% қамтамасыз етуді, осы жылғы 20 тамызға дейін мектептерді санитариялық талаптарға сәйкес (кварцтеу, дезинфекция, маска режимі, күнделікті термометрия және т.б.) қабылдауды аяқтауды тапсырды.
 
Білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктеріне, өңірлердің әкімдіктеріне жаңа оқу жылында мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында, сонымен қатар колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуды штаттық режимде қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл ретте әрбір мектепке күндізгі оқу бойынша нақты ұсынымдар жеткізілуі тиіс.
 
Барлық білім беру ұйымдарында педагогтер, қызметкерлер мен ата-аналар үшін "Ashyq" жүйесі енгізіледі. 
 
Үкімет басшысы а.ж. 25 тамызға дейін ең алдымен, кестеден кешігіп отырған Павлодар және Түркістан облыстарында оқулықтарды мектептерге кестеге сәйкес толығымен жеткізуді тапсырды. 
 
А. Мамин кестеден артта қалған мектептерде жөндеу жұмыстарын аяқтау қажеттігін атап өтті. Жөндеу жұмыстары аяқталмаған мектептердің ең көп саны Алматы (9), Қостанай (6) және Батыс Қазақстан (5) облыстарында екені атап өтілді.
 
Үкімет отырысы барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім еткендей, 2021 жылғы 5 тамызда "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" жаңа санитарлық қағидалары бекітілді.
 

Мектеп педагогтары мен қызметкерлерін вакциналау жұмыстары аяқталуда. 18 және одан жоғары жастағы студенттерді вакциналау басталды. Аумақтық денсаулық сақтау департаменттері өңірлік ведомствоаралық комиссиялардың құрамында мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізуді жалғастыруда", — деп атап өтті А. Цой. 

 
Қолданыстағы заңнама мен эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мектептерде дәстүрлі оқыту форматына көшу 3 ай ішінде ауырып жазылған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтар мен қызметкерлерді 100% вакциналау кезінде мүмкін болады.
 
Министр оң тәжірибені ескере отырып, мектептерге кірер кезде педагогтар, қызметкерлер мен ата-аналар қатарынан ауру жұқтырғандарды, вакцина алмағандарды және вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болғандарды бақылау мақсатында Ashyq қосымшасын пайдалану орынды деп санайды.
 
Цойдың айтуынша, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет, оның ішінде: 
 
- барлық қызметкерлер мен білім алушылардың күнделікті таңертеңгі сүзгісі; 
 
- бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу; кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау; 
 
- сыныптарды бөлу және үзіліс уақытын әртүрлі сыныптарға арнап бөлу; 
 
- асханаларда тамақтануды ұйымдастыруда бақылауды күшейту.
 
- карантин енгізілген жағдайда мектептерде қашықтан оқытуға көшу 1 инкубациялық кезеңдегі жағдайлардың санына, анықталған санитарлық-эпидемиологиялық режимді бұзушылықтарға, сондай-ақ жақын байланыста болған адамдардың санына байланысты сараланып жүзеге асырылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны