04.10.2022, 18:25 24256

Қазақстанда қыркүйек айында тұрғын үйді жалға беру құны 47,2%-ға өсті

АСТАНА. 4 ҚАЗАН - Қыркүйек айында тұрғын үйді жалға беру ұсыныстарының бағасы жылдық мәнде 47,2%-ға өсті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Өткен айда тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін жалдау ақысының орташа бағасы 4 612 теңгені құрады, бір ай бұрын ол 4 029 теңге мөлшерінде болған", - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

 
Республикалық деңгейден баға тек Алматы қаласында жоғары – 5 611 тг/м2. Баспананы жалға беру бағасы, сондай-ақ Астана және Ақтау қалаларында қымбат, шаршы метріне тиісінше 4 485 тг және 3 253 тг-ден. Жалға берілетін тұрғын үйдің ең төменгі бағасы Қызылорда (1 797 тг/м2 ), Тараз (1 809 тт/м2) және Жезқазған (1 845 тг/м2) қалаларында тіркелген.
 

Тұрғын үйді жалға алу бағасы бір айдың ішінде Қостанай қаласында айтарлықтай қымбаттады, бірден 42,6%-ға. Баға қарқынды түрде Петропавл қаласында да өсті – 27%. Баға өсімінің үштігінде Қарағанды қаласы да бар, онда қыркүйек айында тұрғын үйді жалға алу бағасы тамызбен салыстырғанда 21%-ға өсті", - деп хабарлайды ведомство.

 
Тұрғын үйді жалға алу бағасы болмашы мөлшерде Түркістан (0,6%), Талдықорған (3,5%), Шымкент (3,9%) және Қызылорда (4,3%) қалаларында өсті.
 
Бюрода қыркүйек айында жылдық инфляция 17,7%-ды құрағанын еске салды, тұтыну бағалары индексінің құрылымында ақылы қызметтер 12,3%-ға қымбаттады.
 
Бұған дейін Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстандағы жалдау нарығы толық реттелмегенін және оның басым бөлігі "көлеңкеде" тұрғанын айтқан болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны