08.11.2022, 18:22 17456

Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу бағасы бір жылда 54%-ға өсті

Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу бағасы бір жылда 54%-ға өсті
Сурет: Ұлттық статистика бюросы
Астана. 8 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Бір жылда (2022 жылғы қазан 2021 жылғы қазанға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 27,1%, жаңа тұрғын үйлерді сату 16,6% өсті, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
 
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы қазанда 54,2% артты.
 

Өңірлер бөлінісінде жаңа салынған үйлер жылдық мәнде Ақтөбе қаласында 30,3%-ға, Өскеменде 26,3%-ға, Қостанайда 25,4%-ға қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімі Талдықорған (44,6%), Семей (44%), Ақтау (43,3%), Ақтөбе (42,4%) қалаларында қатты байқалды. Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында былтырғы қазанға қарағанда баға Алматы (89,7%), Қарағанды (64,2%), Қостанай (58,5%) қалаларында айтарлықтар көтерілген", - деп хабарлады бюро.

 
Бір айдың ішінде (2022 жылғы қыркүйекке қарағанда 2022 жылғы қазанда) қолданыстағы пәтер бағалары – 2,1%, жаңа тұрғын үйді сату 0,9% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда қазанда 5,6% жоғарылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны