24.03.2023, 17:03 37981

Қазақстанда тұрғын үйлерді басқарудың жаңа түрі енгізілуде

Қазақстанда тұрғын үйлерді басқарудың жаңа түрі енгізілуде
Пәтер иелері кооперативтерінің орнын мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе қарапайым серіктестік (ҚС) алмастырады

Астана. 24 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда тұрғын үйлерді басқарудың жаңа түрі енгізілуде, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл ретте 2020 жылдың 7-ші қаңтарында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы күшіне енгенін естеріңізге сала кетейік", - деп хабарлады ведомствода.


Соған сәйкес пәтер иелері кооперативтерінің орнын мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе қарапайым серіктестік (ҚС) алмастырады. Өз кезегінде бұл бірлестіктер "бір мүлік иелерінің бірлестігі - бір шот" қағидаты бойынша жұмыс істейтінін айта кетейік.

Осы бастаманың аясында көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері баспаналарын өздері қадағалап, жауап береді. Реформаның халыққа тиімді тұсы тұрғындардан жиналған қаражатты пайдаланудың ашықтығы қамтамасыз етіліп, сондай-ақ бұл ақша нақты бір тұрғын үйді басқарып, күтіп ұстауға бағытталады", - деді ҚР ИИДМ Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаментінің директоры Руслан Лепесов.


Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығының басқарушы директоры М. Әбдікәрімовтың айтуынша, қаржылық сипаттағы мәселелерді шешу үшін меншік иелерінің жалпы санынан кворумды төмендету ұсынылып отыр. Атап айтқанда, қажетті шешім қабылдау үшін пәтер иелері мен көппәтерлі тұрғын үйдегі бос кеңістікті иеленіп отырғандардың жалпы санының 51%-ы жеткілікті болады,

Бұл бағыттағы елеулі өзгерістердің қатарында уақытша басқарушы компанияны тарту, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселелерін жетілдіру, жауапты жергілікті атқарушы органға кондоминиум объектісін тіркеуге өтініш жіберу функциясын беру, тұрақ орны мен қойма иелерінің құқықтары мен міндеттерін бекіту, сондай-ақ ауылды жерде, кентте тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау бар.

Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандықтарға eGov Mobile арқылы дауыс беру және МИБ тіркеу ұсынылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны