Система Orphus

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустың 4 жаңа жағдайы анықталды

10.05.2022, 15:44 12286
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустың 4 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 10 МАМЫР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 4 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 603 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Өңірлер бойынша жаңа жағдайлар тіркелді: Нұр-Сұлтанда - 1, Алматыда - 2, Жамбыл облысында - 1.
 
8 мамырда коронавирустық инфекция (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы анықталды.
 
Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
10 мамырға КВИ-ден 1 243 адам (492 КВИ+ және 751 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 76 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 1 167 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 10 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 10 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 490 018 адам, 2-ші компонентпен - 9 255 807 адам вакцинацияланды. Ревакцинациялаудан өткен - 4 107 044 адам. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны