04.02.2021, 18:20 16695

Қазақстанда әуе апаттарынан кейін рейстері тоқтатылған Boeing 737 MAX ұшағын қайта іске қосуға дайындық жұмыстары жүруде

Boeing 737 MAX-тің жұмысын барлық елдер уақытша тоқтатқан еді.
Нұр-Сұлтан. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Соңғы үш ай ішінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Boeing 737 MAX ұшағын іске қосуға дайындық жүргізуде. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлайды.
 

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуе компанияға тренингтер өткізуге, өндірушінің жаңартылған процедураларын ұстануға, сондай-ақ ұшу, биіктікке көтерілу кезеңдерінде және эшелонда жылдамдық құралдары дұрыс көрсетілмеген жағдайда экипаждардың әрекеттерін тренажерлік даярлау бағдарламасына қосуды ұсынды. Қазіргі уақытта SCAT инженерлік-авиациялық қызметі және Қазақстанға келген Boeing компаниясының техникалық мамандары әуе кемесін қайта іске қосудың және бағдарламалық жасақтаманы модификациялаудың барлық процедураларын аяқтады. SCAT ұшқыштары әлемдегі сертификатталған жаттығу орталықтарының бірінде тренажерлік дайындықтан өтті. Алдағы аптада компания тестілік ұшуларды орындауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта әуе кемесі өндірушінің және АҚШ пен Қазақстанның авиациялық билік орындарының талаптарына сәйкес оны пайдалануға қайтару бойынша техникалық жұмыстарды орындаудың қорытынды кезеңінен өтуде", - деп хабарлайды ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті.

 
Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын бағалау бойынша сертификаттық тексеруді 2021 жылғы ақпанда жүргізу жоспарланып отыр. "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ әуе кемесінің коммерциялық ұшуларды қалпына келтіруге дайындығын тексереді.
 
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың наурыз айында Азаматтық авиация комитеті SCAT әуе компаниясының Boeing 737 MAX ұшағын пайдалануды уақытша тоқтатты. Қазақстандық тізілімде осы үлгідегі бір әуе кемесі тіркелген.
 
Boeing 737 MAX-тің жұмысын барлық елдер екі қайғылы авиациялық апаттан кейін уақытша тоқтатты.
 

Жүргізілген жұмыс барысында 4400 сағаттан астам тестілеу өткізілді, оның ішінде 1350 ұшулар орындалды. Реттеушілер жүргізген ұшақтың ұшу сынақтары жаңартылған бағдарламалық жасақтаманың қауіпсіздігі мен тиімділігін көрсетті. 2021 жылдың 27 қаңтарында 737 MAX Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық авиациялық агенттігі (EASA) және Ұлыбританияның Азаматтық авиация басқармасы (UK CAA) мақұлдады, бұл Еуропада ұшуды қайта бастауға жол ашты", - деп хабарлады ААК-де.


Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны