19.01.2021, 16:51 7633

Қазақстанда вакцинациялаудың электрондық паспорты әзірленді

Нұр-Сұлтан. 19 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың хабарлауынша, Қазақстанда вакцинациялаудың электрондық паспорты әзірленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
 

Жүйелі есепке алу мақсатында вакцинациялаудың электрондық паспорты әзірленді. Вакцинация жүргізу туралы деректер Министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде электрондық форматта жүргізілетін болады. Пациент және медицина қызметкері ақпаратты m-gov мобильдік қосымшасында қолмен веб-қосымшаға енгізе алады. Жүйе жаһандық ақпараттық жүйелермен интеграциялануға қабілетті және вакцина алған барлық адамдарға талап етілетін жерде ұсыну үшін ақпарат беруге және еркін қозғалуға мүмкіндік береді", - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

 
Оның айтуынша, КВИ-ге қарсы вакцинациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге дайындықты қамтамасыз ету мақсатында: Ұлттық екпелер күнтізбесіне КВИ-ге қарсы вакцинацияны енгізу бөлігінде ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді; КВИ-ге қарсы вакцинациялау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар дайындалды; КВИ-ге қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жоспар бекітілді.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны