Система Orphus

Қазақстанда заңсыз төгілетін қоқыс қалдықтарына жауапкершілікті күшейту ұсынылды

19.09.2019, 18:45 16174

Нұр-Сұлтан. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда заңсыз төгілетін қоқыс қалдықтарына жауапкершілікті күшейту ұсынылды.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында "Тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін дамытудың келешегі мен проблемасына" арналған дөңгелек үстел болып өтті. "Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеушілер, кәдеге жаратушылар және қоқыс шығаратын ұйымдар Қауымдастығы "AWOK" заңды тұлғалар бірлестігінің бастамасымен болған жиынға ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, қайта өңдеуші салада жүрген компания өкілдері, экологтар мен қоғам білсенділері қатысты.

Жиын барысында қайта өңдеу саласындағы өзекті проблемалар талқыланды. Тұрмыстық қалдықты жинау, тасымалдау,онықайта өңдеу қызметіндегі тарифтің төмендігі айтылды. Дөңгелек үстелге қатысушылардың пайымдауынша тұрмыстық қалдықтырды тиімді басқару үшін мемлекеттік бағдарлама жасалу қажет. Бірыңғай құжат мамандандырылған ұйым жұмысын жүйелендіруге мүмкіндік береді. Үкімет тарапынан қолдау шаралары анықталып, қажетті инфрақұрылымды дамытуға жол ашады. Отырыс барысында тұрмыстық қалдықты бөліп тастау жүйесін енгізетін аймақтарды анықтап, қалдықты сұрыптап тастауға арналған контейнерлер орнату, қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды қабылдайтын бекеттерді кешенді түрде іске қосу мәселесі ұсынылды.

Өз кезегенде қоғам белсенділері мен экологтар елімізде заңсыз қоқыс алаңдарының азаймай тұрғанын айтып дабыл соқты. Былтырғы жылдың мәліметі бойынша өндірістік және тұтынушы қалдықтарды тастайтын орындардың саны еліміз бойынша - 17 934-ке жеткен. Қазақстанда шығарылатын қалдықтардың барлығы дерік полигондарға көміледі. Ал полигондардың басым бөлігі санитарлық талаптар мен экологиялық стандарттарға сәйкес келмейді.

Айта кету керек жыл сайын Қазақстанда 4,3 млн тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық шығатын болса, соның не бары 12 пайызға жуығы ғана қайта өңделеді. Ал қалғаны қоқыс полигондарына көмуге жіберіледі. Еліміз бойынша тұрмыстық қалдық тасталатын 3 520 полигон бар. Ал соның не бары 18 пайызға жуығы ғана тиісті талапты сақтап отыр.

Аталған проблемаларды шешудің бір жолы - заңсыз төгілетін қоқыс қалдықтарына жауапкершілікті күшейту. Дәл осы ұсыныс дөңгелек үстел резолюциясына енгізілді. Қабылданған ұсыныстар салаға жауапты министрлікке жолданды.

"Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеушілер,

кәдеге жаратушылар және қоқыс шығаратын ұйымдар

Қауымдастығы "AWOK" заңды тұлғалар бірлестігі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны