29.11.2023, 16:25 51621

Қазақстанда желтоқсандағы мерекеге орай қосымша пойыздар жүреді

Пойыздар стандартты купеден және резерв вагондардан тұрады
Қазақстанның Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекелеріне орай жолаушылар сұранысының артуына байланысты КТК қосымша пойыздарды іске қосады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мына бағыттар қосымша рейстер орындайды:

№201/202 "Нұр-Сұлтан 1 - Шымкент" - астанадан үш рейс 15, 29 желтоқсан және 2024 жылдың 1 қаңтары жүреді. Шымкенттен 16, 30 желтоқсан және 2024 жылдың 2 қаңтары жүреді.

№203/204 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол - Алматы 2" - бес рейс "Нұрлы жол" вокзал кешенінен 15, 28, 29 желтоқсан және 2024 жылдың 1, 2 қаңтары жүреді. Алматыдан 2-16, 29, 30 желтоқсан және 2024 жылдың 2, 3 қаңтары жүреді.

Пойыздар стандартты купеден және резерв вагондардан тұрады.

Сонымен қатар Астанадан Павлодарға №7510/7509 электр пойызының қосымша рейсі белгіленген. Пойыз елордадан биыл 15, 29, 30 желтоқсанда, қарсы бағытта - 18 желтоқсанда және 2024 жылдың 2 қаңтарында шығады", - деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны