13.07.2022, 16:42 25096

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттар қабылдау басталды

Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 13 шілде күні басталып, 20 шілдеге дейін жалғасады.
Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттар қабылдау басталды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 13 ШІЛДЕ - Қазақстанда биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 13 шілде күні басталып, 20 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ведомствоның мәліметінше, қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылатын болады. Алыс аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін жоғары оқу орындарында виртуалдық қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді. Сонымен қатар құжаттарды қабылдау кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асыруға болады. 
 

Қосымша ақпарат алу үшін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне +7 7172 74 16 70 телефоны арқылы хабарласуға болады. Қосымша ақпаратты Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан алуға болады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны