28.01.2021, 19:20 16146

Қазақстандық дене шынықтыру мұғалімдеріне жаңа қосымша ақы белгіленді

Осы ретте дене шынықтыру мұғалімдерінің функционалы кеңейіп отыр. Мұғалімдер әдетте өткізетін дене шынықтыру сабақтарынан бөлек, қосымша спорттық-сауықтыру сабақтарын өткізетін болады.
Нұр-Сұлтан. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақшалар, мектептер мен колледждердегі дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына жаңа қосымша ақы тағайындалды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Бiлiм және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
 
БҒМ басшысының мәліметінше, енді дене шынықтыру мұғалімдерінің еңбекақысына ай сайын қосымша 17 697 теңге төленетін болады.
 

Осы ретте дене шынықтыру мұғалімдерінің функционалы кеңейіп отыр. Мұғалімдер әдетте өткізетін дене шынықтыру сабақтарынан бөлек, қосымша спорттық-сауықтыру сабақтарын, яғни секциялар өткізетін болады. Әр мұғалім қосымша секциялық сабақтар өткізеді, сәйкесінше балалар мектептегі қажетті жабдықтарының болуына байланысты түрлі спорт секцияларына қатыса алады", - деп жазды Аймағамбетов Facebook-те.

 
Балаларды спорт секциялары арқылы қосымша сабақтарға тарту – салауатты өмір салтын қалыптастыру, білім алушыларды спортқа баулу және олардың денсаулығын нығайту бойынша берілген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының шеңберінде басқа да кешенді шаралар қабылданады.
 
Естеріңізге сала кетейік, жаңа жылдан бастап барлық қазақстандық педагогтардың жалақысы 25% - ға өсті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны