05.02.2021, 18:22 16597

Қазақстандықтарға қай күннен бастап өзімен бірге жүргізуші куәлігін және техпаспортты алып жүрмеуге болатыны жарияланды

Нұр-Сұлтан. 5 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елімізде қай күннен бастап жүргізуші куәлігін және техпаспортты өзімен бірге алмай жүруге болатынын айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
13 ақпаннан бастап еліміздің азаматтарына көлікті тиісті құжаттарды алып жүрмей-ақ, тек жеке куәлікпен жүргізуге болады. 
 

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды. 2019 жылғы желтоқсанда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізуші құжаттарын ақпараттық жүйелер арқылы тексеру, жүргізушілерге құжаттардың қағаз нұсқаларын өзімен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік беру туралы мәселені көтеріп, ІІМ-ге заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тапсырды. Жаңа заң биылғы жылдың 13 ақпанынан бастап күшіне енеді", - деді Тұрғымбаев.

 
Ол бұрын Қазақстанда жүргізушіге құжаттарының бірінің жоқтығы үшін ескерту (егер алғаш рет болса) немесе 5 АЕК айыппұл қарастырылғанын еске салды.
 

Енді жүргізушілерге көлікті жүргізген кезде өзімен бірге тек бір ғана құжат – жеке басын куәландыратын куәлікті алып жүру жеткілікті. Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу куәлігін, сақтандыру полисін, сондай-ақ техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты полицей планшет арқылы тексереді. Ал Интернет желісіне қолжетімділік жоқ елді мекендерде және тас жолдарда тексеру радиобайланыс арналары арқылы жүзеге асырылатын болады", - деп нақтылады министр.

 
Оның айтуынша, жаңа нормалардың қазақстандық жүргізушілік куәлігі жоқ шетелдіктерге және Қазақстанда тіркелмеген көліктерді басқарушыларға қатысы жоқ. 
 

Автокөлікті жүргізуші құжаттарынсыз басқарудың осындай мүмкіндігі Грузия, Украина, Польша, Латвия, Литва сияқты мемлекеттерде бар, ол елдерде де ұлттық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілген. Жүргізушілердің құжаттарын өзімен бірге алып жүру және жүргізуші құжаттарын ұсыну міндетін алып тастау – бұл заманауи технологиялық "сервистік" полицияны дамытуға бағытталған тағы бір қадам. Мемлекет көлікті басқаруды едәуір жеңілдетті, бірақ жүргізушілер басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті есте ұстауы керек. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жүргізушілерді де, жаяу жүргіншілерді де жол жүрісі ережелері мен көлік жүргізу мәдениетін мүлтіксіз сақтауға шақырғым келеді", - деді Тұрғымбаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны