10.02.2021, 20:17 16766

Қазақстандықтар Ресейге Армения мен Беларусь арқылы кіре алмайды

Нұр-Сұлтан. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының азаматтары Армения мен Беларусь тарапынан Ресей шекарасынан өте алмайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ресей Федерациясымен COVID-19 таралу қауіпіне байланысты мемлекеттік шекараны өту бойынша енгізілген шектеулер бүгінгі күнге дейін әлі сақталуда.
 
Қазіргі уақытта, шетелдік азаматтардың (оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтары) Ресей Федерациясына кіру Ресей Федерациясы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 635-р Өкімімен көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
 
Аталған Өкімге сәйкес, РФ шекарасын өту үшін қарастырылған шектеулер РФ-қа үшінші елдер арқылы транзитсіз тікелей авиарейстермен ҚР-дан келетін немесе тиісті негіздемелері бар (РФ азаматы болып табылатын туыстар, РФ ықтиярхатының болуы, емделу және т.б) ҚР азаматтарына қолданылмайды.
 
Дегенмен, соңғы уақытта Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясына үшінші елдер арқылы кіруіне немесе Қазақстан Республикасына үшінші елдерден Мәскеу қаласының әуежайлары арқылы транзитпен өту жағдайлары жиілеп кетті. Бұл жағдайда Ресей Федерациясының Шекара қызметі елге кіргізуден бас тартып, келушілерді одан әрі келген еліне депортациялау бойынша тиісті шешім қабылдайды.
 

Сонымен қатар, ЕАЭО-ға қатысушы елдердің азаматтарына Армения мен Беларусь арқылы Ресейге кіруге рұқсат беру туралы БАҚ-та жақында жарияланған ақпарат бойынша келесіні хабарлаймыз. Сапарлардың бұл тетігі COVID-19-ға ПТР-тестінің теріс нәтижесі туралы анықтамаларды "Путешествую без COVID-19" мобильдік бағдарламасында тіркеуді көздейді (Еуразиялық даму банкі әзірлеген). Қазақстан аталған мобильдік бағдарламада жоқтығына байланысты, ҚР азаматтарының Ресейге Армения және Беларусь арқылы кіруге мүмкіндігі жоқ", - деп түсіндірді ведомствода.

 
Бүгінгі күні, ҚР мен РФ арасында аптасына әр тараптан 3 (үш) әуе рейсі жүзеге асырылады (Нұр-сұлтан – Мәскеу – аптасына 2 рет, Алматы – Мәскеу – аптасына 1 рет).
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны