04.07.2020, 15:03 9083

Қазақстандықтарды 14 күндік карантин режимін қатаң сақтауға шақырады

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, мәслихат депутаты Эльмира Ершұманова алдағы 14 күндік карантин режимін қатаң сақтауға шақырып үндеу жолдады.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, мәслихат депутаты Эльмира Ершұманова алдағы 14 күндік карантин режимін қатаң сақтауға шақырып үндеу жолдады. Ол өз хатында былай дейді:

"Құрметті Отандастар!

Соңғы деректер бойынша, елімізде COVID-19 жұқтырған және ел бойынша дерттен көз жұмғандар санына қатысты статистикалық дерек күн санап ұлғаюда.

Вирус жоқ, бәрі өтірік деп жүріп, опық жеп қалмаңыз. Дәрігерлер, қоғам белсенділері облыс тұрғындарын сақтық шарасын мейлінше қатаң ұстанып, көпшілік жиналатын жерлерге бармауға шақырады. Қазір той мен садақа өткізу де аса қауіпті. Себебі коронавируспен қатар өкпенің қабыну дерті де дендеп барады.

Экономилық ахуал құлдырап, жағдай ушыға түсті. Жаһанды жаулаған індет күн санап күрделеніп, сағат сайын адам өлімі көбеюде.

Демек, ел басына күн туған сәтте бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару міндет. Республикамызда 5 шілдеден бастап 14 күнге жарияланып отырған карантин режимін қатаң сақтап, мамандардың кеңесіне, ескертпесіне құлақ асып, жақындарымызға жанашыр болайық".

Эльмира Саматқызы Ершұманова, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, мәслихат депутаты

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны