16.09.2020, 23:16 9308

Қазақстандық жауынгерлердің рухы туған жерінде жай табатын болады

Бүгін ҚР ҚК Әскери-әуе күштерінің ұшағы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан Жағыпар Қайларов пен Азықан Нұғымановтың сүйектерін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізді.

Алматы. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстандық жауынгерлердің рухы туған жерінде жай табатын болады.

Бүгін ҚР ҚК Әскери-әуе күштерінің ұшағы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан Жағыпар Қайларов пен Азықан Нұғымановтың сүйектерін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізді.

Қазақстандық сарбаздардың сүйектері өткен жылы "Еске алу вахтасы" акциясы аясында табылған. Қаза болғандардың медальондарында сақталған мәліметтері негізінде олардың аты-жөндері мен шақыру орны анықталды. Азықан Нұғыманов Тверь облысында, Жағыпар Қайларов Ленинградта майдандағы ұрысқа аттанған.

Олар Ақмола облысы Біржан Сал ауданы Степняк қаласы мен Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылында жерленді. Қазақстанда қаза тапқан жауынгер Азықан Нұғымановтың туыстарын табу әзірге мүмкін болмады. Оны жерлеумен Біржан Сал ауданының әкімдігі айналысады, оны аудандық әскери комиссариат майданға шақырған (бұрынғы Еңбекшілдер ауданы). Жетіген кентінде Жағыпар Қайларовты туыстары қатты толқыныспен күтуде. Жерлеу рәсіміне Қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысады.

Қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін табыстау және жерлеу бойынша дайындық жұмыстары ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери атташе аппаратының және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің жәрдемімен өтті.

Еске сала кетейік, 16 қыркүйек күні сағат 11.00-де соғыста қаза болған екі солдаттың сүйегі Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайына әкелінді. Олар - Қайларов Жағыпар және Нұғұманов Азықан. Қайларов Жағыпардың сүйегі Жетіген ауылына (Іле ауданы, Алматы облысы) жіберілді. Нұғұманов Азықанның сүйегі Біржан сал ауданы әкімдігінің өкілдеріне салтанатты түрде жерлеу үшін беріледі (Ақмола облысы).

Ресейлік іздеушілерден соғыста қаза болған отандасымыз туралы хабар келген соң "Atamnyn Amanaty" қоғамдық бірлестігінің өкілдері бірден туыстарын іздеу жұмыстарына кірісті. Тек Қайларов Жағыпардың туыстары табылды. Батырды Жетіген ауылында (Іле ауданы, Алматы облысы) жерлеу үшін сүйегі туыстарына жіберілді.

Нұғыманов Азықанның туыстары табылмағандықтан сүйегін туған жерде жерлеу рәсімін өткізу шараларын Біржан сал ауданы әкімдігінің өкілдері өз мойынына алды.

Солдаттар туралы қысқаша ақпарат:

1. Кайларов Жағыпар. 1920 жылы Семей облысында (қазiргi Шығыс Қазақстан облысы) дүниеге келген. 1941 жылдың қыркүйек айында қаза болды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Ресей Федерациясының Ленинград облысында "Искра" жасағының iздеушiлерiмен табылды.

2. Нұғұманов Азықан. 1897 жылы дүниеге келген. Соғысқа дейiн Степняк қаласында, Пушкин 45 мекенжайы бойынша тұрған. Ақмола облысы Еңбекшiлдер ауданынан майданға аттанды. Ресей Федрациясының Бельский ауданы Тверь облысының iздеушiлерiмен табылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны