23.09.2020, 22:43 10756

Қазақстандық әзірлеушілер мәтінді жаңалықтарды аудиотыңдауға арналған қолданбаны іске қосты

Қазақстанда мәтінді жаңалықтарды смартфон көмегімен онлайн тыңдауға мүмкіндік беретін қолданба әзірленді. Aiten елдің жетекші жаңалықтар сайттарының мәтіндерін аудиоформатқа көшіреді.

Алматы. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстандық әзірлеушілер мәтінді жаңалықтарды аудиотыңдауға арналған қолданбаны іске қосты.

Қазақстанда мәтінді жаңалықтарды смартфон көмегімен онлайн тыңдауға мүмкіндік беретін қолданба әзірленді. Aiten елдің жетекші жаңалықтар сайттарының мәтіндерін аудиоформатқа көшіреді.

Aiten сервисі жаңалықтардан құлағдар болуды қалайтын, алайда көлік жүргізу үстінде немесе күнделікті шаруалар кезінде оқуға уақыт арнай алмайтын жандарға арналған. Сонымен қатар, әзірлеменің көру қабілеті төмен адамдарға да көмегі көп.

Aitu Dala-ның бас директоры Евгений Волков былай дейді:

"Біздің алдымызда өзекті жаңалықтардың агрегаторы болып қана қоймай, сонымен қатар мәтінді оқуға уақыт жұмсамастан жеңіл әрі ыңғайлы түрде ақпарат алуға мүмкіндік беретін қолданба әзірлеу міндеті тұрды. Aiten қазақстандықтарға түрлі ресурстарды өз бетінше шолу қажеттілігінсіз сапалы отандық контентке қолжетімділік алу мүмкіндігін сыйлайды: біз қазірдің өзінде ең басты жаңалықтарды жинап, қабылдауға ыңғайлап дыбыстап қойдық".

Aiten - отандық әзірлеушілердің қолынан шыққан толыққанды қазақстандық өнім. Aiten қолданбасы Google Play Store-да жүктеуге қолжетімді. Еліміздің басты жаңалықтар ресурстарында жариялануына қарай жаңалықтар топтамасы күн сайын жаңартылып тұрады.

Aitu-Dala - 2019 жылы құрылған IT-компания. Қызметі Қазақстан және күллі орталық Азия нарығының Интернет-медиа саласына бағдарланған. Компания заманауи цифрлық өнімдер, жасанды интеллект жасаумен айналысады және Big Data-мен жұмыс істейді. Aitu Dala өнімдерінің қатарында Ainews, Aitube, Qalaisyn секілді сервистер бар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны