11.02.2019, 20:03 13394

Қазақстанның медициналық ұйымдарын 2018 жылы аккредиттеудің қорытындысы шығарылды

Аккредиттеу рәсіміне барлығы 95 медициналық ұйым қатысты, оның ішінде 4 (4,2%) медициналық ұйымдар сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша бағалаудан сәтті өткен жоқ, 10 (10,5%) медициналық ұйым жоғары санатты, 43 (45,3%) бірінші санатты және 38 (40%) екінші санатты алды.

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Қазақстанның медициналық ұйымдарын 2018 жылы аккредиттеуді қорытындылады.

Кеңесте медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалауды жүргізудің практикалық мәселелері, аккредиттеу қорытындысы бойынша, оның ішінде сыртқы кешенді бағалау сарапшыларынан да кері байланысты талдау қаралды, 2018 жылы аккредиттеуге қатысқан медициналық ұйымдардағы үздік практика мысалдары ұсынылды.

2018 жылы жеке сектордағы медициналық ұйымдардың қатысу үлесі 30 МҰ (32%), мемлекеттік 65 МҰ (68%) құрады.

Әрбір медициналық ұйым аккредиттеу қорытындысы бойынша тиісті мәртебе алады (аккредиттелген жоқ, жоғары санат, бірінші санат, екінші санат). Аккредиттеу рәсіміне барлығы 95 медициналық ұйым қатысты, оның ішінде 4 (4,2%) медициналық ұйымдар сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша бағалаудан сәтті өткен жоқ, 10 (10,5%) медициналық ұйым жоғары санатты, 43 (45,3%) бірінші санатты және 38 (40%) екінші санатты алды.

2018 жылы жоғары санатты алған 10 медициналық ұйымға аккредиттеу туралы куәлік бүгін салтанатты түрде берілді. Олардың ішінде: University Medical Center КҚ, "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ, "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ, "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ, Алматы қ. "Репродуктивті медицина институты" ЖШС, Алматы қ. "ЭКО орталығы" ЖШС, Алматы қ. "Орталық қалалық клиникалық аурухана" ШЖҚ МКК, Алматы қ. "Орталық клиникалық аурухана" АҚ, Шымкен қ. "Облыстық клиникалық аурухана" ШЖҚ МКК, Ақтау қ. "Sofie Medgroup/Софи Медгрупп" көпсалалы клиникасы" ЖШС.

"Аккредиттеудің негізгі міндеті -медициналық көмектің сапасы және пациенттер мен персоналдың қауіпсіздігі. Аккредиттеу қызмет көрсету деңгейін стандарттармен белгіленген белгілі бір деңгейге дейін көтеруге мүмкіндік береді. Бұл аккредитацияны алғысы келетін медициналық ұйымдардың жетуі тиіс жоғары деңгей. Аккредиттеуге қатысу медициналық қызметтер нарығында бәсекелестік жасауға мүмкіндік береді, ұйымның белгіленген сапа стандарттарына сәйкестігін растайды. Сондықтан медициналық мекемеде аккредиттеу туралы сертификаттың болуы қызмет көрсету сапасының белгілі бір деңгейін, пациент үшін қауіпсіздік пен жайлылықты куәландырады", - деп атап өтті ДСДРО Аккредиттеу орталығының басшысы Ботагөз Қауіпбаева.

Денсаулық туралы Кодекске сәйкес аккредиттеудің болуы, сондай-ақ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тарапынан медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсетуге мемлекеттік тапсырысты басым орналастыруды көздейді.

Жалпы, Қазақстанда аккредиттеу жүйесі әлемдік талаптарға сәйкес құрылған: ұлттық аккредиттеу стандарттары халықаралық деңгейде екі мәрте сертификатталған, аккредиттеу бойынша аудиторларды даярлау жүйесі және аккредиттеуші орган да сертификатталған.

2017 жылы ДСДРО Аккредиттеу орталығы аккредиттеуші орган ретінде халықаралық тану сертификатын ала отырып, International Society for Quality in Health Care - Денсаулық сақтаудағы сапа және қауіпсіздік жөніндегі халықаралық қоғамымен аккредиттелді.

А. ж. 1 ақпандағы жағдай бойынша 413 ұйымның қолданыстағы аккредиттеу мәртебесі бар, бұл аккредиттеуге жататын медициналық қызмет берушілердің (МҰ) жалпы санының 30% - ын құрайды. Бұл ретте, 271 аккредиттелген ұйым мемлекеттік, 142 (34%) - жеке меншік болып табылады.

Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Аккредиттеу жөніндегі комиссия мүшелері, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар, медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Аккредиттеу қызметін көрсетудің сапасы мен тиімділігі бойынша үздік нәтиже көрсеткен сыртқы кешенді бағалау сарапшылары алғыс хаттармен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны