13.07.2020, 16:52 33198

Қазақстанның қос дәрігеріне "Қазақстанның Еңбек ері" атағы қайтыс болған соң берілді

"Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын деп жазылған президент жарлығында.

Алматы. 13 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанның қос дәрігеріне "Қазақстанның Еңбек ері" атағы қайтыс болған соң берілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі дәрігерді қайтыс болғаннан кейін марапаттады.

"Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын:

Исаев Олег Николаевич (марқұм) - Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы" МКК бөлімше меңгерушісі

Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы (марқұм) - Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы" МКК бас дәрігері, Ақтөбе облысы" - деп жазылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны