Система Orphus

Қазақстанның төрт қаласында алғаш рет "NASA Space Apps Challenge 2019" хакатоны өтті

21.10.2019, 16:08 13582

Алматы. 21 қазан. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласында 19 қазанда инженерлер, бағдарламашылар, журналистер, дизайнерлер, мектеп оқушылары, студенттер, және ең бастысы, әртүрлі елдер мен қалалардағы армандаушылардың барлығы бір уақытта, екі күн бойы NASA Space Apps Challenge 2019 тапсырмаларын шешуге бар күшін салды.

2018 жылы әлем бойынша 75 мемлекет, 200 қала, 18 000 қатысушы жергілікті хакатондарын өткізіп аяқтады. Осы жылы Қазақстанда алғашқы жергілікті хакатондар бір уақытта Американдық бұрыштарда Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында өтті.

Астанадағы хакатонға қатысу үшін 50-ден астам тіркеліп, 12 команда өз жобаларын финалда ұсынды.

"Биыл АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық миссиясы ғарыш саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа ерекше назар аударды. Соған орай, сәуірдің 12-інде, елордада Ұлттық ғарыш орталығында АҚ ҰК "Қазақстан Ғарыш Сапары" - мен бірлесе ұйымдастырылған Халықаралық ғарышқа ұшу күніне орай Орталық Азиядағы алғашқы ғарыш кеші өтті. Сонымен қатар, биыл Қазақстанға NASA-ның екі астронавты - доктор Мэри Эллен Вебер және доктор Шеннон Уокер, вулканолог доктор Розали М.С. Лопес сапар жасады. Ғарыш апталығы аясында қазан айында Алматыда тақырыптық шара өтті", - деп Қазақстандағы АҚШ елшілігінің мәдениет және білім жөніндегі атташесі Энн Перрелли өз ойымен бөлісті.

Жобаларды қорғау екі сағатқа созылды. Қазылар алқасы екі жеңімпазды анықтады, олардың жобаларын NASA сарапшылары финалда бағалайтын болады.

Бірінші жоба - заманауи жабдықталған өзен, көл т.б. тайыз жерін көрсетуге қойылған қалқыма белгі. Бұл жобаның ерекшелігі - түрлі сенсорлармен және датчиктермен жабдықталып, бұл теңіз қалқымасы теңіз деңгейін көрсету, спутниктерге деректерді жазып алу және де сол ақпараттарды жіберу функцияларына ие болды. Теңіз деңгейі көтерілген жағдайда жағалаудағы елді мекендерге сигнал жіберіледі. Деректерді алудың осындай әдісі спутниктерге қарағанда әлдеқайда жылдам болып табылады.

Екінші жоба - "Spot that Fire v 2.0" - бұл әлемдегі кез-келген жерде өрттің орнын анықтауға және алынған ақпараттарды өңдейтін сайт. Жобаның мақсаты - ірі өрттердің алдын алу, өрттің болашақтағы орнын анықтау, пайда болған өрттер туралы уақтылы хабарлау және тұтану алаңынан қауіпсіз маршрут салу.

Үшінші орын иегері, №50 мектептің (Қазақгарыш) оныншы сынып оқушысы, Темірлан Сабырбаев, хакатонға алғаш рет қатысуы туралы өз ойымен бөлісті: "Мен бұл байқау туралы Американдық бұрышта білдім. Байқаудың NASA-мен байланысын көріп, мен бірден команда жинадым және біз "Себетті тазарту" телефон-қосымшасын жасауды шештік. Біз мұхиттың ластану деңгейіне қатты алаңдаймыз сол себептен осы жаһандық мәселені шешуге өз үлесімізді қосқымыз келді.

NASA тапсырмалары әрқашан әртүрлі.

Мысалы, халықаралық ұшулардардың бақылау құралы, адамдарға Марсты зерттеуге көмектесетін сенсор немесе ғарыштық аппараттарға микрометеороидтер мен ғарыш қоқыстарын талдайтын автономды құрылғы идеясын ұсынуға болады. Тағы бір міндет - басқаларға Жерді ашуға көмектесу. Нақты айтқанда, NASA деректерін қолдана отырып, кескіндемеге немесе ғарыштық суреттерді көркем сүретке айналдыруға мүмкіндік беретін құрал жасау мүмкін болды. Ғарыштың адам өмірін қалай сақтап қала алатынын көрсету де тұрарлықта қиын тапсырма болды. NASA деректерін қолдана отырып, өрттерді ертерек анықтауға және адамдарға олар туралы ескертуге мүмкіндік беретін қосымшаны программа ұсынылды. Немесе әлемге NASA-ның Жер үшін қауіпті деп санаған және оған OSIRIS-REx аппаратын жіберген Бенне астероиды туралы айтуға болады - ол бізге оны жақсылап зерттеу үшін осы объектінің топырақ үлгілерін жеткізуі керек (айтпақшы, астероид атауын, аққұтан түрінде бейнеленетін, жексенбінің символы болып табылатын құдайдың есімін, осындай ерекше конкурстың барысында бір мектеп оқушысы ойлап тапқан) (дереккөз: spaceappschallenge.org)

Әділ-қазылар алқасы: Артур Муканов, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ жоғары дәлдіктегі жерсеріктектік навигация система орталығының директоры; Николас Карлсон, энергетика департаментінің директоры, Қазақстандағы АҚШ елшілігі; Динара Алимова, аумақтық Technovation қозғалысының өкілі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны