19.07.2019, 19:54 7994

"Қазақтану - ел бірлігінің негізі" ғылыми-практикалық конференциясы өтті

2019 жылдың 18 шілдесінде Достық үйінде елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы "Қазақтану - ел бірлігінің негізі" тақырыбында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.

Нұр-Сұлтан. 19 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылы Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың бастауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-шы сессиясында "Қазақтану" ғылыми-ағартушылық жобасының тұсау-кесері жасалды. Еліміздегі барлық этностардың қазақ халқының жалпыұлттық және жалпы мағыналық құндылықтарын қазіргі және болашақ ұрпақтың санасына жеткізу және қарқынды дамытып отыру, стратегиялық жобаның бағыты болып табылады.

2019 жылдың 18 шілдесінде Достық үйінде елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы "Қазақтану - ел бірлігінің негізі" тақырыбында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты - қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік ұстанымдарын белсенді ілгерілету, халықтың бірлігі мен қазақстандықтардың жалпыұлттық тарихи санасын нығайту, қазақстандық патриотизм, қазақ халқының топтастырушы рөлінде этностардың рухани-мәдени бірлігі негізінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету. Сондықтан "Қазақтану" жобасы бірінші кезекте қазақ халқының базалық құндылықтары негізінде қалыптасатын осы ұлттық кодты анықтауға бағытталуы тиіс. Тарихи қазақ халқы көшпелі өмір салтын жүргізді. Қазақстан өркениеттер қиылысының орталығында болды және біздің ортақ ұлттық құндылықтарымыздың: қонақжайлылық, ашықтық, төзімділік, өркениеттер мен мәдениеттер қиылысындағы өмірге бейімделе алатын қасиеттердің субстраты болып табылатын қасиеттерді қалыптастырды. "Қазақтану" серпінді феномені барлық уақытта сын-қатерлерге жауап беруі тиіс.

Конференцияның басты міндеті - Қазақстан халқының ортақ құндылықтарымызды қалыптастыру және нығайту арқылы бірігуіне ықпал ету. Қазақ халқының тарихы мен тілін үйрену арқылы барлық ұлт өкілдерінің бірігуі елдегі тұрақтылықтың кепілі бола алады.

Ғылыми конференцияға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткерлері, ғалымдар, ҚР Парламентінің депутаттары, Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, сондай-ақ жастар қатысты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны