11.09.2015, 11:34 4691

"Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметкерлері өз жұмыс орындарын сақтайды

Халыққа қызмет көрсету орталығыныӊ базасында қайта құрылатын "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясы - жер қатынастары, жылжымайтын мүлік, әлеуметтік және зейнетақы төлемдері бойынша салада қызмет көрсететін төрт негізгі РМК-ны біріктіреді. Бұл ретте, жаӊа компанияныӊ өндірістік қызметкерлерін қысқарту жоспарланып отырған жоқ

Астана. 11 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Халыққа қызмет көрсету орталығыныӊ базасында қайта құрылатын "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясы - жер қатынастары, жылжымайтын мүлік, әлеуметтік және зейнетақы төлемдері бойынша салада қызмет көрсететін төрт негізгі РМК-ны біріктіреді. Бұл ретте, жаӊа компанияныӊ өндірістік қызметкерлерін қысқарту жоспарланып отырған жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсеновтіӊ айтуынша, мемлекеттік корпорацияны құру нәтижесінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы бүгінде көрсетіліп отырған 191 қызметті қоса алғанда, біріктірілген кәсіпорындардыӊ 522 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілетін болады.

"Корпорация алдында жер қатынастары, жылжымайтын мүлік, әлеуметтік және зейнетақы төлемдері саласындағы жаӊа қызметтер көрсету процесстерін барынша оӊтайландыру және автоматтандыру міндеті тұр. Бізге көп жұмыстар атқару керек, ХҚКО қызметкерлеріне артылатын жүк барынша өскелі тұр, сондықтан өндірістік қызметкерлерді қысқарту туралы сөз болуы мүмкін емес", - деп атап өтті Сәкен Сәрсенов.

Естеріӊізге сала кетйік, сейсенбі күні ҚР Парламентініӊ Мәжілісінде Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын ұсынған болатын. Ол "Халыққа қызмет көрсету орталығы", Жер кадастрыныӊ ғылыми-өндірістік орталығы", "Жылжымайтын мүлік орталығы", " Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарыныӊ заӊды және жеке тұлғаларға "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету функцияларын "ХҚКО" РМК базасында құрылатын мемлекеттік корпорацияға беруді көздейді.

ҚР ИДМ БААК баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны