16.07.2018, 23:50 4326

Азаматтар жүргізуші куәліктерін мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, кез-келген уақытта электрондық үкімет порталы арқылы ауыстыра алады

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру қызметін биыл жыл басынан бері 1,6 мыӊ адам пайдаланған.

Астана. 16 шілде. Kazakhstan Today - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін келетін азаматтардыӊ саны күрт өскенін хабарлайды.

Осы орайда, азаматтар жүргізуші куәліктерін (ЖК) мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, кез-келген уақытта электрондық үкімет порталы арқылы ауыстыра алатынын естеріӊізге саламыз. Бұл әдіс ұзын-сонар кезекте тұру мәжбүрлігінен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкіндік береді.

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру қызметін алу оӊай әрі жылдам. Алдымен еgov.kz порталына кіріп, электрондық өтінішті толтырып, электрондық цифрлық қолтаӊбамен растау қажет. Өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолыныӊ скан-суреті де жолданады. Жеке кабинетке құжаттыӊ дайын болғандығы туралы хабарлама келген соӊ (мобильді азаматтар базасына тіркелген жағдайда хабарлама SMS түрінде келеді) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын ЖК алып кетуге болады.

Бөлімге барғанда, ауыстыратын ЖК, жеке басыӊызды куәландыратын құжатты, өтініш пен баж салығын төлеу туралы электрондық чекті ұсыну қажет. Айта кетсек, жүргізуші куәлігініӊ баж салығы бұрынғыдай 1,25 АЕК, яғни 3 006,25 теӊгені құрайды.

Егер ЖК мерзімі өтіп кетсе, психиатриялық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру қызметін биыл жыл басынан бері 1,6 мыӊ адам пайдаланған.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны