05.02.2015, 16:05 4103

Азаматтардыӊ бұзылған құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру мақсатында

Қазақстан Республикасыныӊ Бас Прокуроры 4 ақпанда кезекті рет азаматтарды жеке қабылдады. Арызданушылардыӊ шағымдары сот актілерініӊ заӊдылығына, сондай-ақ қылмыстық процестіӊ сотқа дейінгі сатысындағы бұзушылықтарға қатысты болды

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Бас Прокуроры 4 ақпанда кезекті рет азаматтарды жеке қабылдады. Арызданушылардыӊ шағымдары сот актілерініӊ заӊдылығына, сондай-ақ қылмыстық процестіӊ сотқа дейінгі сатысындағы бұзушылықтарға қатысты болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

А.Дауылбаев келтірілген барлық дәлел-дәйектерді жан-жақты тексеруді қамтамасыз етуді, заӊдылықтыӊ бұзылуы анықталған жағдайда прокурорлық қадағалау актісін енгізіп, азаматтардыӊ бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

2014 жылы Бас Прокурордыӊ жеке қабылдауы барысында 118 шағым түскен. Олардыӊ басым бөлігі сот актілеріне наразылық келтіруге (88) қатысты болса, 23 шағым бойынша қылмыстық қудалау органдарыныӊ процессуалдық шешімдерініӊ заӊдылығына және әлеуметтік-экономикалық саладағы шешімдердіӊ (7) бұрыстығына шағым түсірілген.

Бас Прокурор 36 арызданушыны бейнеконференциялық байланыс арқылы қабылдаған, бұл жеке қабылдаудыӊ уақытты және материалдық қаражатты үнемдеу тұрғысынан ыӊғайлы да тиімді түрі болып табылады.

Өтініштерді зерделеу нәтижесінде Бас Прокурор сот актілеріне қадағалау наразылықтарын енгізіп, тергеу және анықтау органдары актілерініӊ күштерін жойды және арызданушылардыӊ дәлелдерін тергеу жолымен тексеру мақсатында бірнеше қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ Бас прокуратураныӊ Өтініштерді қарау туралы заӊдардыӊ қолданылуын қадағалау және іс жүргізу басқармасыныӊ қызметкерлері 1287 адамды күнделікті жұмыс барысында қабылдаған. Негізінен азаматтар қылмыстық, қылмыстық-процестік заӊдардыӊ нормаларын қолдану, қылмыстық қудалау органдары әрекетініӊ заӊдылығы мәселелері бойынша шағымданған. Барлық сұрақтар бойынша прокурорлар жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді, қажетіне қарай мұндай жұмыстарға тиісті бөлімшелердіӊ қызметкерлері де қатыстырылып отырды.

Прокуратура органдарында азаматтардыӊ берген өтініштеріне ерекше мән беріледі, өйткені бұл - сенім арту деӊгейініӊ маӊызды көрсеткіші болып табылады. Сондықтан да бұзылған құқықтардыӊ уақтылы және жедел қалпына келтірілуі қадағалау қызметініӊ басты басымдықтардыӊ бірі болып қала бермек.

Бас прокуратураныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны