14.09.2016, 14:05 3430

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында "Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет - гүлденген мемлекет" идеологиясын тарату көзделуде

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ-та сыбайлас жемқорлықтыӊ кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ-та сыбайлас жемқорлықтыӊ кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбында мемлекеттік корпорацияныӊ орталық аппаратыныӊ, Астана қаласы бойынша дирекциялары мен департаменттерініӊ жұмыскерлері үшін бірқатар іс-шаралар өткізілді.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамыныӊ баспасөз қызметі хабарлағандай, "Азаматтарға арналған үкіметтіӊ" Тәуекелдерді басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментініӊ қолдауымен өткізілген іс-шараларға ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаты Анар Жайылғанова, "Нұр Отан" партиясы "Бірлік" филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Илия Кайшарова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Астана қаласы бойынша департаментініӊ басшысы Тілеген Каскин қатысты.

"Азаматтарға арналған үкіметтіӊ" Тәуекелдерді басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментініӊ директоры Бауыржан Талдықбаевтыӊ айтуынша, мұндай іс-шаралардыӊ негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлық фактілерініӊ алдын алу және оған жол бермеу, мемлекеттік корпорацияныӊ жұмыскерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін нығайту.

"Бүгінде әрқайсымыздыӊ алдымызда халықтыӊ құқықтық сауаттылық деӊгейін арттыру, "Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет - гүлденген мемлекет" идеологиясын алға тарту, мемлекеттік корпорацияныӊ барлық қызметкерлері арасында, сондай-ақ "Нұр Отан" партиясымен, құқық қорғау органдарымен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа "нөлдік" төзушілік атмосферасын құру мәселесі тұр. Сыбайлас жемқорлықпен күресу - баршаныӊ және әр азаматтыӊ міндеті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жауапкершілігі тек қана мемлекетке емес, әрбір жеке азаматқа жүктелетінін есте сақтауымыз қажет. Мемлекет пен қоғамныӊ бірлігі және өзара сенімділігі ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді", - дейді Талдықбаев.

Мұндай іс-шаралар "Нұр Отан" партиясыныӊ, құқық қорғау органдарыныӊ, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да ұйымдардыӊ өкілдерініӊ қатысуымен мемлекеттік корпорацияныӊ барлық аумақтық департаменттерінде жүйелі түрде өткізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны