21.04.2010, 10:32 1326

Азаматтарға қарулы шабуылдар жасалған жағдайда Қырғызстанның құқық қорғау органдарына енді оқ атуға рұқсат беріледі - Отунбаева

Азаматтарға қарулы шабуылдар жасалған жағдайда Қырғызстанның құқық қорғау органдарына енді оқ атуға рұқсат беріледі - Отунбаева

Алматы. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Азаматтарға қарулы шабуылдар жасалған жағдайда Қырғызстанның құқық қорғау органдарына енді оқ атуға рұқсат беріледі. Қырғызстанның уақытша үкіметінің төрайымы Роза Отунбаеваның осы жөніндегі мәлімдемесін уақытша үкіметтің аппараты таратты, деп хабарлайды Kazakhstan Today "24.kg" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"Кейінгі болған оқиғаларға байланысты уақытша үкімет тез арада қоғамдық тәртіпті ретке келтіруге, зорлық-зомбылық пен заңсыздықты тыюға бағытталған шұғыл шаралар қолданды. Біз Қырғызстан азаматтарының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті өз бетімізбен қамтамасыз етуге қажетті жеткілікті күш пен ресурстарға иеміз. Мен Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсзідік қызметіне, сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің тиісті бөлімшелеріне азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың дүние-мүлкін қорғау жөнінде тапсырмалар бердім", - делінген Р. Отунбаеваның мәлімдемесінде.

Онда атап көрсетілгендей, "заңға сәйкес, азаматтарға, олардың үйлері мен жеке меншігіне қарсы қарулы шабуылдар жасалған, олардың денсаулығы мен өміріне қастандық жасалған, сондай-ақ, азаматтық және әскери нысандарға шабуылдар жасалған жағдайда құқық қорғау органдарына оқ атуға рұқсат беріледі".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны