13.08.2019, 23:51 8245

"Азаматтық қоғамның жаңғыруындағы медиацияның рөлі" тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Ғылыми-практикалық конференцияның негізгі мақсаты: қоғамдық келісім мен жалпыэтностық бірлікті қамтамасыз етуде медиация институтын нығайту және одан әрі дамыту бойынша шаралар жүйесін әзірлеу болып табылады

Нұр-Сұлтан.13 тамыз. Kazakhstan Today - 2019 жылғы 5 тамызда Достық үйінде сот және құқық қорғау органдары, әділет органдары, "Nur Otan" партиясы, кәсіподақ ұйымдары, этномәдени бірлестіктер ұйымдарының өкілдері, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім және Аналар кеңесі, медиация мәселелеріне маманданған көрнекті ғалымдар мен өңірлерден шақырылған кәсіби медиаторлар, мектеп медиаторларының; жастар ұйымдары өкілдері мен қоғам белсенділерінің қатысуымен "Азаматтық қоғамның жаңғыруындағы медиацияның рөлі" тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушы: Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Ғылыми-практикалық конференцияның негізгі мақсаты: қоғамдық келісім мен жалпыэтностық бірлікті қамтамасыз етуде медиация институтын нығайту және одан әрі дамыту бойынша шаралар жүйесін әзірлеу болып табылады:

- қоғамдық медиатордың қызмет этикасы ережелерін әзірлеу;

- медиативтік келісімдерді сапалы жасасу үшін "қоғамдық медиатор" ұғымының критерийлерін анықтау (медиаторлардың біліміне және біліктілігіне қойылатын нақты талаптарды белгілеу);

- қоғамдық медиаторлар үшін оқыту курстарын, семинар-тренингтер өткізу;

- әразаматтың өміріндегі медиацияның рөлі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Медиация саласындағы ақпараттық-насихаттау жұмысын күшейту шеңберінде конференция нәтижелері бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылды және медиативтік практикада қолдану үшін медиация рәсімі бойынша ғылыми-әдістемелік материалдар әзірленді. Жинақ Қазақстан халқы Ассамблеясының сайтында қосымша жарияланды.

Семинар - тренинг қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталды.

Бірыңғай республикалық медиация күні шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде, "Nur Otan" партиясының қалалық филиялының қоғамдық қабылдауында, қалалық кәсіподақ орталығында, қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясының қолдауымен Алматы аудандық сотында медиация кабинеттерінің "Ашық есік күні" өтті. Азаматтарды қабылдауды мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, заңгерлер мен АХАТ өкілдері өткізді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны