20.07.2012, 15:53 2837

Азияның бірқатар елінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы роуд-шоу өтеді

Ондағы мақсат - Қазақстанның экономикасына қосымша шетелдік инвестициялар тарту, деп хабарлады "Kaznex Invest" агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 20-шілде. Kazakhstan Today - Экспорт және инвестициялар жөніндегі "Kaznex Invest" ұлттық агенттігі алдағы күзде Азия елдерінде роуд-шоу шараларын өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ондағы мақсат - Қазақстанның экономикасына қосымша шетелдік инвестициялар тарту, деп хабарлады "Kaznex Invest" агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Роуд-шоу - Қазақстан үшін инвестиция тартудың жаңа құралы болып табылады. Еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін шетелдерде таныстыруды мақсат еткен бұл шараларға ұлттық компаниялардың, жекеменшік кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

"Роуд-шоу - Қазақстан үшін жаңа формат, бірақ оның пайдасы зор. Қазақстан үшін шетелдік инвесторлармен жұмыс істеудің маңызы үлкен, себебі бұл тек қаржы ғана емес, сонымен бірге жаңа технологиялар тарту",- деп атап көрсетті Қ.Қарманов өз сөзінде.

Инвестиция тарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру мақсатында ағымдағы жылы бірқатар Азия елдерінде Қазақстанның инвестициялық әлеуетінің таныстырылымы өтеді.

Мұндай роуд-шоу шаралары Еуропа елдерінде де өтті.

Қ.Қарманов, шетелдік іс-шараларға өз өңірлерінің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру мүмкіндіктеріне ие облыстардың өкілдері қатысып отырғанын баса атап көрсетті.

Айта кету керек, инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі ұзақмерзімдік саясатты іске асырудың арқасында инвестиция тартудың құрылымы өзгеріп отыр. Атап айтқанда, өңдеуші секторға қаржы көбірек тартыла бастаған, салаға тартылған инвестициялар 60 пайызға ұлғайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны