21.05.2008, 17:06 5106

Азық-түлік дағдарысын шешу үшін жаңа даму стратегиясы қажет - БҰҰ

Азық-түлік дағдарысын шешу үшін жаңа даму стратегиясы қажет - БҰҰ

Алматы. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Азық-түлік дағдарысын шешу үшін жаңа даму стратегиясы қажет. Бұл туралы 20 мамыр күні жаһандық азық-түлік дағдарысына арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) арнайы отырысы барысында БҰҰ бас хатшысының бірінші орынбасары Аша-Роуз Мигиро мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып.

БҰҰ өкілі дағдарыс туындағанға дейін азық-түліктің жетіспеушілігін әлемде шамамен 830 млн адам тартып үлгерген. Ол соңғы жылы әлемдегі күріш бағасы 74 пайызға, ал бидай бағасы 130 пайызға қымбаттағанына назар аударды. Бұл жоғарыда аталған санға тағы да 100 млн адамның қосылуына алып келді. Дүниежүзілік банк жасаған ой-пікірлерге сүйене отырып, Аша-Роуз Мигиро бұның кедейшілік пен аштыққа қарсы жаһандық күрестегі жеті жылды жоғалтқанмен бірдей екендігін атап өтті.

А. Мигиро дағдарыс нәтижесінде басқа да көптеген даму бағыттары - денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік тұрақтылық пен тиісті басқару салаларына қатер төнді деп мәлімдеді. Ол қазір көптеген жанұялардың күніне бір рет тамақтанатынын және жұмыс істейтін, жалақы алатын адамдардың өздері күрішті қаппен емес, шынымен алатынын атап айтты.

БҰҰ өкілі тамақ өнімдерінің бағасына барынша әсер еткен не нәрсе деген тақырыпқа ұзақ уақыт дауласуға болатынын атап көрсетті. Мұнай бағасы, спекуляциялық операциялар, құрғақшылық, нашар ауа-райы немесе биоотын өндірісінің ұлғаюы - себептер жетеді, алайда, бұл проблеманы шешуге көмектеспейді. Ол шағын шаруаларға техникалық және қаржылық көмек көрсетуді қарастыратын жаңа даму стратегиясының қажет екендігін айтты. Оның пайымдауынша, жаһандық тұрғыдан алып қарағанда экономиканың өсімі халықтың кедей бөлігін айналып өтпеуі керек. "Олар үшін жарқын болашақтың кілті - ауыл шаруашылығының дамуының жаңа талаптары қажет", - деп атап көрсетті А. Мигиро.

Ол ЭКОСОС отырысының қатысушылары маусым айының басында Рим қаласында өтетін азық-түлік дағдарысының саммиті үшін кеңестер мен тұжырымдар жасап шығаратынына сенім білдірді. Бас хатшының бірінші орынбасары БҰҰ мекеме аралық мақсаттық тобының құрылғаны жайлы еске салды. Оған да дүниежүзілік азық-түлік дағдарысына қарсы әрекет ететін жедел және ұзақ мерзімді шараларды жасау тапсырылды.

ЭКОСОС арнайы отырысына қатысушылар ұлттық және халықаралық деңгейлердегі қысқа мерзімді төтенше шаралар аш адамдарды ауқаттандыруға, бағаны тұрақтандыруға және әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға көмектесетіні туралы мәселелерді талқыға салды. Олар сондай-ақ, тамақ өнімдерінің жоғары бағасының себебі мен салдарын жою үшін өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселесі бойынша пікір алмасты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны