17.02.2012, 09:56 3252

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін базар басшылығының жауапкершілігін арттыру көзделуде

Оның мәлімдеуінше, Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында базар басшылығының жауапкершілігін арттыруды қолға алмақ.

Астана. 17-ақпан. Kazakhstan Today - Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін базар басшылығының жауапкершілігін арттыру көзделуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада базарлардың бірін аралап көрген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті.

Оның мәлімдеуінше, Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында базар басшылығының жауапкершілігін арттыруды қолға алмақ.

"Базарлардағы етті бірнеше ветеринарлық қызмет бірнеше саты тексерістерден өткізіп жатады. Бұл қауіпсіздік үшін қажет, алайда ол жауапкершілікті қамтамасыз ете алмайды және кәсіпкерлерге үлкен ауыртапылқ түсіреді. Сондықтан олардың санын қысқартып, базар басшылығының жауапкершілігін арттыру жоспарлануда. Бұл бірқатар нормативтік өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді талап етеді", - деді ол.

Оның айтуынша, аталмыш өзгерістер әлемде бар тәжірибелерге сүйеніп жасалмақ.

Ведомство хатшысының атап өткеніндей, кейбір жергілікті жерлерде ветеринарлық қызмет атымен жоқ. Министрліктің ендігі мақсаты барлық ауылдық округтерді білікті ветеринарлық дәрігерлермен қамтамасыз ету болып отыр.

"Жүйе белгілі бір деңгейде жұмыс істеп жатыр. Алайда оны жетілдіру керек және тиімділігін арттырып, халық үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет", - деп атап өтті Е. Аман.

Жауапты хатшының мәліметі бойынша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын 10 миллионнан астам мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін көрінеді.

"Сондықтан жемқорлықтың өрістеуіне кең алаң берілген. Соған байланысты аталмыш қызметтерді регламенттеу, стандартизациялау, оларды электронды форматқа ауыстыру, рұқсат беру процедураларын қысқарту бойынша кешенді әрі жүйелі шаралар қабылдануда", - деп түйіндеді сөзін Е. Аман.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны