26.01.2017, 20:04 7343

"Изірет Сұлтан" қорық-мұражайы сала көшбасшысы атанды

Ұлттық бизнес-рейтингі - Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина мемлекеттер одағыныӊ негізіндегі рейтингілеудіӊ жыл сайынғы жалпы мемлекеттік тәуелсіз бағдарламасы. Бұл бағдарламаныӊ еӊбек марапаттары әр сала кәсіпорындары мен мекемелерініӊ қызметіндегі жоғары көрсеткіштері мен Қазақстан мемлекетініӊ дамуына қосқан үлесі үшін беріледі.

Астана. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы 2016 жылдыӊ қорытындысы бойынша Ұлттық бизнес-рейтинг бағдарламасыныӊ "Өрлеу қарқыны" номинациясында Қазақстан музейлері бойынша "Сала көшбасшысы" атағына, "Алтын" рейтингісіне ие болып Халықаралық сертификатпен және арнайы "Алтын қыран" медалімен марапатталды,- деп хабарлайды "Изірет Сұлтан" қорық-музейініӊ баспасөз қызметі.

Ұлттық бизнес-рейтингі - Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина мемлекеттер одағыныӊ негізіндегі рейтингілеудіӊ жыл сайынғы жалпы мемлекеттік тәуелсіз бағдарламасы. Бұл бағдарламаныӊ еӊбек марапаттары әр сала кәсіпорындары мен мекемелерініӊ қызметіндегі жоғары көрсеткіштері мен Қазақстан мемлекетініӊ дамуына қосқан үлесі үшін беріледі.

2016 жылы "Изірет Сұлтан" қорық мұражайында бірқатар маӊызды шаралар өткен болатын. "Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімініӊ зерттелу мәселелері" V халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция және 22-23 қыркүйек аралығында дәстүрлі "Яссауитану" халықаралық білім байқауы болып өтті. Атаулы бұл маӊызды іс-шараларға Англия, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан Тәжікстан т.б. шетелдерден және отандық ясауитанушы ғалымдар, және Республикамыздыӊ түкпір-түкпірінен оқушылар қатысты. Бұдан бөлек қорық-мұражайда 30 астам дөӊгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылды. Жыл бойына мұражайымызда жылжымалы және тұрақты көрмелер өткізілді. Көрмелердіӊ саны - 62.

"Сала көшбасшысы" Халықаралық сертификаты "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайыныӊ атқарған еӊбегіне берілген жоғары баға және жаӊа жетістіктерге ынталандыру болмақ, деп хабарлайды музей.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны