30.01.2020, 18:16 5945

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ" еншілес ұйымдарын тамақтанумен қамтамасыз ететін кәсіпорынның бас директоры 3 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Ақтау қалалық сотының үкімімен Б.Н.Қиялбаев пара алды деп айыпталып, оған мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасымен бірге 56 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алматы. 30 қаңтар. Kazakhstan Today - "KMG EP-Catering" ЖШС бас директоры сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды.

Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысына күдікті болған "KMG EP-Catering" ЖШС-нің (Маңғыстау облысында орналасқан "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ" еншілес ұйымдарын тамақтанумен қамтамасыз ететін "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны) бас директоры Б.Н.Қиялбаевқа қатысты тергеу жүргізді.

Ол жеке кәсіпкерден азық-түлік сатып алу мен жеткізу мәселесінің оң шешімін табу, сондай-ақ әрі қарай жеке қамқорлыққа алу үшін 3 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Ақтау қалалық сотының үкімімен Б.Н.Қиялбаев пара алды деп айыпталып, оған мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасымен бірге 56 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны