01.05.2019, 23:14 10893

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ Басқармасының төрағасы болып Ринат Ақбердин тағайындалды

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ-ға тағайындалғанға дейін Ринат Ақбердин "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма мүшесі - Даму және сату жөніндегі басқарушы директор лауазымын атқарған.

Нұр-Сұлтан. 1 мамыр. Kazakhstan Today - "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі шешімімен Басқарма төрағасы болып Ринат Ақбердин тағайындалды.

Ринат Олегович Ақбердин 1979 жылы 17 сәуірде Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Орынбор мемлекеттік университетін "Экономика" мамандығы бойынша, Еуропалық университетте (Швейцария, Женева) халықаралық бизнес саласындағы магистратураны бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке құрылымдарда бастады.

2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметте еңбек етеді.

Мына лауазымдарда қызмет етті:ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігітөрағасының көмекшісі; ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының кеңесшісі; Павлодар облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары; Павлодар қаласы әкімінің аппарат басшысы.

Сонымен қатар түрлі жылдарда "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК"АҚ басқарушы директоры - Басқарма мүшесі; Басқарушы директор - Басқарма мүшесі; "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары; "Қазақтелеком" АҚ Басқарушы директоры; "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК"АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарған.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ-ға тағайындалғанға дейін Ринат Ақбердин "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма мүшесі - Даму және сату жөніндегі басқарушы директор лауазымын атқарған.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ негізгі қызметі еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу, ішкі астық нарығын тұрақтандыруға және экпорттың дамуына жәрдемдесу. Компанияның жалғыз акционері "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны