14.05.2019, 19:26 7957

"БҰҰ-әйелдер" Құрылымы директорының орынбасары Оса Регнер Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келеді

17 мамырда АЭФ алаңында Регнер ханым тұрақты даму саласындағы мақсаттар бойынша бірінші Қазақстандық форумда сөз сөйлейді, онда "ешкімді артта қалдырмау" қағидасын ескере отырып, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің және ұзақ мерзімді әрі тұрақты әлеуметтік даму үшін гендерлік теңдіктің маңыздылығын ашып көрсетеді.

Нұр-Сұлтан. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысының көмекшісі, "БҰҰ-әйелдер" Құрылымы директорының орынбасары Оса Регнер ханым Қазақстанға ағымдағы жылдың 15-18 мамыр аралығында Қазақстан Үкіметі мен "БҰҰ-әйелдер" Құрылымының гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту саласындағы одан әрі әріптестік векторы мен ынтымақтастығын тереңдетуді талқылау мақсатымен ресми сапармен келеді.

Өзінің мандатына сәйкес "БҰҰ-әйелдер" Құрылымы тұрақты даму саласындағы мақсаттар мәнмәтінінде гендерлік теңдік және Қазақстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін алға тартады. "БҰҰ-әйелдер" Құрылымы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері, отбасы және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп, Қазақстан үкіметінің қаржылық қолдауымен гендерлік-бағдарланған жоспарлау және бюджеттеу, осал әйелдердің өнімді жұмыспен қамтылуы мен кәсіпкерлікке тарту мақсатында экономикалық құқықтарын кеңейту, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жою жөніндегі жобаларды іске асырады. "БҰҰ-әйелдер" сондай-ақ Қазақстан Үкіметіне әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенция (ӘКЖК), Пекин декларациясы және 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы іс-қимыл платформасы мен Күн тәртібінің шеңберінде халықаралық міндеттемелерді орындауда сараптамалық көмек көрсетеді.

Сапар аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Премьер-министр Асқар Маминмен, Премьер-Министрдің орынбасары, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Төрағасы Гүлшара Әбдіқалықовамен, Сыртқы істер министрі Бейбіт Атақұловпен, Ұлттық экономика министрі Руслан Даленовпен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевпен кездесулер жоспарлануда.

17 мамырда АЭФ алаңында Регнер ханым тұрақты даму саласындағы мақсаттар бойынша бірінші Қазақстандық форумда сөз сөйлейді, онда "ешкімді артта қалдырмау" қағидасын ескере отырып, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің және ұзақ мерзімді әрі тұрақты әлеуметтік даму үшін гендерлік теңдіктің маңыздылығын ашып көрсетеді.

Сондай-ақ, сапар аясында Регнер ханымның әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктері, әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушілік пен зорлық-зомбылықты болдырмау, әйелдерді ілгерілету үшін арнайы әлеуметтік қызметтер мен білім беру бастамаларын ұсыну саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және азаматтық белсенділермен кездесуі жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны