14.09.2017, 18:19 5319

Б.Алтынбеков: "Латын әліпбиіне көшуге бағытталған реформа - ана тіліміздіӊ ұзақ мерзімді тағдырына жауап беруге мүдделі"

"Отанын сүйіп, тәу етер Тәуелсіздігіміздіӊ игілігін қастерлей білетін әрбір азамат Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып отырған Ана тіліміздіӊ қадір-қасиетіне бейжай қарамаса керек-ті. Ал, мына реформа Мәӊгілік Ел болуды асыл мұрат санаған Қазақ елініӊ еӊ басты қасиеті - Ана тіліміздіӊ ұзақ мерзімді тағдырына жауап беруге мүдделі,- деді ол.

Қарағанды. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Латын әліпбиіне көшуге бағытталған реформа - ана тіліміздіӊ ұзақ мерзімді тағдырына жауап беруге мүдделі. Бұл туралы Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, Жезқазған қалалық мәслихатыныӊ депутаты, ҚР Білім меценаты Бекзат Алтынбеков пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Отанын сүйіп, тәу етер Тәуелсіздігіміздіӊ игілігін қастерлей білетін әрбір азамат Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып отырған Ана тіліміздіӊ қадір-қасиетіне бейжай қарамаса керек-ті. Ал, мына реформа Мәӊгілік Ел болуды асыл мұрат санаған Қазақ елініӊ еӊ басты қасиеті - Ана тіліміздіӊ ұзақ мерзімді тағдырына жауап беруге мүдделі,- деді ол.

Бекзат Алтынбековтіӊ пікірінше, әлемніӊ дамыған елдерініӊ ақпараттық технология мен инновациялық өнеркәсіп саласында тек қана осы латын тілін қолданып отырғандығын ескерсек, Елбасы бастамасымен қолға алынып отырған бұл реформа - тарихи маӊызы бар стратегиялық қадам.

"Тіл - қашаннан ұлт пен ұлысты біріктіруші ұлы күш. Сондай-ақ, түбіміз бір тұтас түркі әлемініӊ тілдік нормаларындағы сәйкестіктіӊ негізін біз осы латын графикасы арқылы айқындай аламыз",- деп ой түйеді Б.Алтынбеков.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны