01.10.2016, 09:25 4619

Б.Атамқұлов: "Мектеп ұжымын басқаратын директор - педагогикалық ортаныӊ лидері болуы керек"

"Ұстаз" сөзініӊ өзі "Отан", "Ар", "Адамгершілік", "Намыс" сияқты қасиетті ұғымдардыӊ қатарынан орын тебуініӊ өзінде үлкен мән жатыр. Мұғалім - мамандық, ұстаздық - қасиет. Яғни, ұстаз болу - адам бойындағы ұлы қасиеттердіӊ бірі.

Шымкент. 1 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында кеше мұғалімдердіӊ кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын болып өтті. Мерекелік шараға қатысқан өӊір басшысы Бейбіт Атамқұлов барша ұлағатты ұстаздарды құттықтап, марапаттады.

Облыс әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесі - Мұғалімдер күнімен құттықтай отырып, ұстаздықтыӊ маӊызына тоқталды.

"Ұстаз" сөзініӊ өзі "Отан", "Ар", "Адамгершілік", "Намыс" сияқты қасиетті ұғымдардыӊ қатарынан орын тебуініӊ өзінде үлкен мән жатыр. Мұғалім - мамандық, ұстаздық - қасиет. Яғни, ұстаз болу - адам бойындағы ұлы қасиеттердіӊ бірі. Осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді. Өзініӊ ісімен, өзініӊ сөзімен егемен еліміздіӊ болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтыӊ тәлімгері сіздерсіздер",- деді ол.

Б.Атамқұловтыӊ айтуынша, ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердіӊ ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше, оған себеп, Тәуелсіз мемлекетіміздіӊ басты құндылығы - білімді адам.Сондықтан да, Ұстаздар күні - бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке десек артық айтқандық емес, деді ол.

"Ұлы ғұламалардыӊ да ұстазы болған. Сондықтан болар, осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздыӊ әр адамныӊ жүрегінен алатын орны айрықша. Қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар. Дана халқымыз "Білекті бірді жығады, білімді мыӊды жығады" деп жайдан-жай айтпаған. Білімніӊ дамуы - бұл қоғамныӊ алға жылжуы, адамзат өркениетініӊ өнегелі өлшемі. Сондықтан да бүгінгі білімге қойылып отырған талап биік. Қазіргі заманда ақыл-ой бәсекесі ерекше маӊызды. Соныӊ ішінде білім саласында болып жатқан жасампаз өзгерістердіӊ мәні зор",- деп атап өтті облыс басшысы.

"Жаӊа технологиялар, инновациялық өзгертулер, компьютерлік басқару секілді жаӊа заман талаптары білім деӊгейін жоғары сапаға көтеруді күтеді,- деп атап өткен облыс әкімі бұл орайда көштен қалуға болмайтынын еске салды.

"Бүгінгі мектеп оқушылары - ел тізгінін ұстар ертеӊіміз. Ұлттыӊ бәсекеге қабілеттілігініӊ басты көрсеткіші де осылар. Елбасымыз "Қазақстан ұлы держава болуы үшін бізге күш-қуаты, қажыр-қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек" деп айтқан болатын. Сондықтан балаларды еӊ бастысы ұлттық құндылықтарға бай, рухы мықты тұлға ретінде қалыптастыру барысында еӊ негізгі сын да, салмақ та ұстаздарға артылатыны түсінікті",- деді Б.Атамқұлов.

Өӊір басшысы осы орайда мектеп директорларыныӊ жауапкершілігіне де тоқталды. "Жақсы мұғалім - мектептіӊ жүрегі. Ал, мектеп ұжымын басқаратын директор - педагогикалық ортаныӊ лидері болуы керек",- деп ерекше атап өтті.

"Сіздер өз мамандығына деген қайтпас қайсарлығы мен еӊбекқорлығы арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, биік беделге ие болып жүрсіздер. Қоғам ұстазға жас ұрпақты, яғни өзініӊ келешегін тәрбиелеуді тапсырады.Бұл - орасан зор сенім, үлкен жауапкершілік. Өскелеӊ ұрпаққа білім-тәрбие беріп, ұлт болашағын қалыптастыруда уақытпен санаспай атқарған қажырлы еӊбектеріӊіз үшін Сіздерге, Ұстаздар, алғыс білдіремін",- деді ОҚО әкімі.

"Президентіміз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ сындарлы саясатыныӊ арқасында елімізде білім беру ісі жолға қойылып, сапалы білімге үлкен көӊіл бөлінуде. Мемлекет басшысыныӊ айрықша көӊіл бөлуі нәтижесінде білім саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді",- деп сөзін одан әрі сабақтады ол.

"Осы орайда бүгінгі күнніӊ ерекшелігіне назарларыӊызды аудара отырып, өӊірдегі білім саласын дамыту мақсатын көздеген негізгі шараларға тоқталмақпын. Облыстыӊ білім саласына жаӊа оқу жылына бюджеттен 227 млрд. теӊге қаралды.Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық",- деді Б.Атамқұлов.

Себебі, облыстағы 1022 мектепте өткен оқу жылында 584 мыӊнан аса оқушы білім алса, биылғы жаӊа оқу жылында 611мыӊнан аса бала білім алуда. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 27 мыӊ балаға артқан.

Облыс басшысыныӊ мәліметінше, Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылында облысымызда 568 білім ошағыныӊ құрылысы пайдалануға берілді.

Анықтама ретінде айта кететін болсақ, қазір облыста 444 - мектеп, 77 - бала бақша, 31 - қосымша құрылыс, 14 - қайта құру, 2 - колледж бар. Мектептерде жалпы саны - 66 мыӊнан аса педагог кадрлар қызмет атқарады. Оныӊ ішінде 52 мыӊы, яғни 78%-ы - санаты бар ұстаздар, қалған пайызы 22 жас педагогтар.

Мұғалімдердіӊ еӊбекақысын 2016 жылдан бастап көтеру - орта білім беру саласындағы үлкен жетістіктердіӊ бірі, деді облыс әкімі.

"Бұл өте маӊызды мәселе. Ұстаздардыӊ қажырлы еӊбегін бағалай отырып, олардыӊ айлық жалақысын көтеруге бағытталған шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.Осыған орай, еӊбекақымен бірге білім сапасы да көтерілуі тиіс. 2016 жылдыӊ жазғы демалысы кезінде жаӊартылған білім беру мазмұнына көшу үрдісіне байланысты "Педагогикалық шеберлік орталығы" мен "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығында республикалық бюджет есебінен жалпы 10 мыӊға жуық мұғалім біліктілік арттыру курстарынан өтті",- деді өз сөзінде облыс басшысы.

Оныӊ айтуынша, осы оқу жылыныӊ қыркүйек айынан бастап жаӊартылған білім беру мазмұныныӊ критериалды бағалау жүйесі бойынша 507 мектеп директоры, мектеп директорларыныӊ 1030 орынбасарлары және білім бөлімдерініӊ 106 әдіскері біліктілік арттыру курстарынан өтуде.

"Яғни, ұстаздардыӊ қоғам алдындағы беделін көтеріп, біліктіліктерін арттыруға барлық мүмкіндіктер қарастырылатындығын айтқым келеді. Өткен жылдарда толағай табысты жұмыстар мен жетістіктер көп. Мұныӊ барлығы мына отырған ұстаздар, Сіздердіӊ қажырлы еӊбектеріӊіздіӊ нәтижесі деп білемін. Жаӊа оқу жылыныӊ табыстары мен жетістіктері мол, шығармашылыққа толы, қуаныштары көп жыл болсын! Осынау мереке күні отбасыларыӊызға амандық, дендеріӊізге саулық, еӊбектеріӊізге жоғары жетістіктер тілеймін",- деп қорытты сөзін Б.Атамқұлов.

Салтанатты шарада шәкірт жолында талмай еӊбек еткен өӊірдіӊ үш ұстазы "Облысқа сіӊірген еӊбегі үшін" төсбелгісімен және білім саласыныӊ дамуына өз үлестерін қосқан 18 мұғалім облыс әкімініӊ Грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, осы күні ұлағатты төрт ұстаз "Ыбырай Алтынсарин" және ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ "Білім саласыныӊ құрметті қызметкері" төсбелгілерімен наградталса, 10 мұғалімге министрліктіӊ "Құрмет грамотасы" және Алғыс хаттары табысталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны