08.10.2015, 21:27 3934

Б.Байбек: "Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға өздерін жақсы сезінулері үшін барлық жағдайлар жасалуда"

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек мүмкіндігі шектеулі жандар Күні қарсаӊында мүгедектер мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар басшыларымен кездесу өткізді

Алматы. 08 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек мүмкіндігі шектеулі жандар Күні қарсаӊында мүгедектер мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Естеріӊізге сала кетейік, Мемлекет басшысыныӊ жарлығы бойынша бұл күн қазан айыныӊ екінші жексенбісінде аталып өтіледі, деп хабарлайды almaty.gov.kz тілшісі.

Қала басшысы Алматыда ерекше күтімді қажет ететін жандарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен 3 млрд теӊгеге жуық қаржы бөлінетіндігін айтты. Еӊ бастысы, әлеуметтік қолдау әр адамға жеке көрсетіледі, яғни әлеуметтік қызметкерлер әрбір 43 мыӊ мүгедектіӊ сұраныстарын анықтап, нақтылы көмек көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі мыӊнан астам балаға арнайы әлеуметтік қызмет үйде көрсетіледі, 5 мыӊнан астам мүгедек медициналық- әлеуметтік мекемелерде және күндізгі орталықтарда болады.

Икім маӊызды шешімдердіӊ бірі ретінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қаланыӊ барлық көлік түрлерінде қолайлы жағдайдыӊ жасалғандығын атап өтті. Автобустардыӊ теӊ жартысына қозғалысы қиын адамдарға лайықталып жасалған қондырғылар орнатылған. Оныӊ үстіне бұл көліктер экологиялық жағынан таза.

"Қалада әлеуметтік инфрақұрылымдар нысандарына бару мәселесін қамтамасыз ету де шешіліп келеді. Бұл мәселе әлеуметтік мәні бар нысандарды салу мен қайта жасауда, жолдарды жөндеуде, қоғамдық көлікті пайдалануда басты назарға алынған.Қаладағы инфрақұрылымдар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қол жетімді болуы тиіс, ал тұрғындар арасында жанашырлық, түсіністік рухы қалыптасып, адамдар біріне- бірі қол ұшын бергендері жөн", - деді Бауыржан Байбек.

Икім мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға мемлекеттіӊ, қоғамдық ұйымдар мен жеке сектордыӊ бірігіп қатысуыныӊ маӊызды екенін қадап тұрып айтты.

"Бүгінгі күні Алматыда шамамен 23 мыӊ мүгедек жұмысқа жарамды деп саналады. Олардыӊ ішінде 6000 адам еӊбекпен қамтылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту "Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы 2020" және " Қаланыӊ даму бағдарламасы" жобалары, бос жұмыс орындарыныӊ арнайы жәрмеӊкелерін өткізу арқылы жүзеге асуда", - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Кездесу барысында қала әкімі "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігі Алматы филиалыныӊ төрайымы Нина Жуковскаяға, Түрксіб ауданы "Мүгедектердіӊ еркіті қоғамы" басқармасыныӊ төрағасы Кенжебай Құдайбергеновке және "Мен сені сүйемін, өмір" қоғамдық қорыныӊ құрылтайшысы Меруерт Сүлейменоваға Құрмет грамоталарын тапсырды.

Кездесу соӊында Алматы әкімі ҮЕҰ басшыларына мүмкіндіктері шектеулі жандардыӊ түрлі мәселелерін шешудегі атқарған ерен еӊбектеріне, бастамалары мен жобаларына алғысын білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны