01.10.2015, 19:28 4465

Б. Байбек - Қазақстанныӊ тұрақты дамуына аға ұрпақтыӊ сіӊірген еӊбегі зор

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек халықаралық Қарттар күні аға ұрпақты мерекемен құттықтап, оларға барлық жағдайды жасау аса маӊызды екендігін айтты

Алматы. 01 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек халықаралық Қарттар күні аға ұрпақты мерекемен құттықтап, оларға барлық жағдайды жасау аса маӊызды екендігін айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қала басшысы атап өткендей, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аға ұрпаққа ерекше көӊіл бөледі. Мемлекет басшысыныӊ сындарлы саясаты, бірлік пен келісім арқасында әлеуметтік бағыттарды күшейту, әлеуметтік қорғау және зейнеткерлерді, мүгедектерді, соғыс ардагерлері мен тылда еӊбек еткендерді қолдау жөніндегі барлық мәселелер біртіндеп шешімін табуда.

"Қазақтарда " Қариясы бар үйдіӊ қазынасы бар" деген аталы сөз бар. Сондықтан біз аға ұрпақты қашанда сыйлауға тиіспіз. Біз Сіздердіӊ балаларыӊызбыз бен немерелеріӊізбіз әрі алдарыӊызда борыштымыз. Сіздер өткен жүз жылдықтыӊ небір ауыр кезеӊдерін бастан кешірдіӊіздер. Көпшілігіӊіз соғыстыӊ зардабын көрдіӊіздер, тылда еӊбек еттіӊіздер, араларыӊызда соғыстыӊ аяғына дейін болған соғыс ардагерлері де бар", - деді Бауыржан Байбек.

Қала басшысы билік партиясы "Нур Отанныӊ" соғыс және тыл ардагерлері туралы 147 фильм түсіріп жатқандығын айтты. Өкінішке орай, кейбір жастар Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердіӊ ерлігін біле бермейді.Соғыс ардагерлері бүгінгі өмірдіӊ іргесін қалады, завод, фабрикалар салып, отбасыларын құрады. Көптеген ер азамат майданнан оралмады, әжелеріміз бен аналарымыз балаларын жетілдіріп, еліміз үшін еӊбек етті.

Қала әкімі Қазақстан әлемдегі беделді елдіӊ бірі және мұнда аға ұрпақтыӊ сіӊірген еӊбегі зор екендігін ерекше атап өтті.

"Мен үшін Сіздермен бірге болу үлкен құрмет, 1 қазан БҰҰ бас Ассамблеясыныӊ шешімімен 1990 жылы Қарттар күні деп жарияланды, Қазақстанда бұл мереке үнемі аталып өтіледі. Қазіргі кезде елімізде 1,8 млн. қарт адам бар. Мемлекет олардыӊ жақсы тұруы үшін барлық жағдайды жасауда. Бүгінгі күні қоғамда сыйластық рухын қалыптастыру маӊызды, аға, орта және кіші буын бірлігі - ұрпақтар үндестігініӊ түп қазығы. Аға ұрпаққа балалары, немерелері көмектесулері тиіс. Дегенмен, өмірде жақыны жоқ жалғыз басты қариялар да кездеседі, оларды мемлекет өз қамқорлығына алады және бұл өте орынды", - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Мегаполис басшысы биыл қарттарға қолдау көрсету мақсатында қалада миллиардтан астам теӊге бөлінді деді.

"Қазақстан сынды байтақ елімізді құрған Сіздер, сондықтан Сіздерге барлық қолдау мен көмек көрсету - барша алматылықтардыӊ төл міндеті. Қала Сіздерді үнемі қолдайды және көмектеседі", - деді Бауыржан Байбек.

Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны