16.06.2022, 15:13 6381

БҚДА-да домофонға қызмет көрсету үшін ақы төлеу туралы шешімді кім қабылдайтыны түсіндірілді

БҚДА-да домофонға қызмет көрсету үшін ақы төлеу туралы шешімді кім қабылдайтыны түсіндірілді
НҰР-СҰЛТАН. 16 МАУСЫМ - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі домофонға қызмет көрсету ақысын төлеу мәселесін шешу кезінде пәтер иелерінің қалай әрекет ете алатынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 42-1-бабына сәйкес пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды", - деп еске салды БҚДА.

 
Ведомствоның ақпараты бойынша, қажет болған жағдайда, пәтер иелері жиналыста жабдықтар бұзылған жағдайда абоненттік төлемнен бір реттік төлемге көшу туралы бастама көтере алады.
 

Бұдан басқа, Қағидалардың 22-тармағына сәйкес мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенімді тұлғасы не көппәтерлі тұрғын үй басқарушысы не Басқарушы компания жыл сайын сервистік қызметтің жұмыс істеп тұрған субъектісімен шартты қайта жасасу немесе сервистік қызметтің жаңа субъектісін таңдау туралы мәселелерді ТКШ ақпараттандыру объектісі арқылы электрондық дауыс беру жолымен немесе қағаз түрінде жиналысқа шығарады", - деп хабарлады агенттікте.

 
Бұл ретте, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтердің әрбір түріне сервистік қызмет субъектілерімен жеке шарт жасалады. Бұл ретте шарттың мерзімі бір жылдан аспайды.
 

Ұжымдық өтініш негізінде домофон ұйымының іс–әрекеттері - келісім жасасуды мәжбүрлеу немесе домофон ұйымының ауысуына кедергі келтіретін өзге де іс-әрекеттері БҚДА бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан, оның ішінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерінің болуы тұрғысынан қаралуы мүмкін", - деп атап өтті ведомствода.

 
Домофондық қызмет көрсету мәселелері бойынша БҚДА-ның толық түсіндірмесін мына жерден көруге болады.
 
Еске салайық, бұған дейін БҚДА домофондар үшін ай сайынғы төлемді төлемеуге болады деп хабарлаған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны