20.03.2020, 23:56 6443

Бүгін еліміз бойынша барлық бүлдіршіндердің тек 16,8% балабақшаларға барған

Бүгін Қазақстанда 149 300 бүлдіршін балабақшаларға барды. Қазіргі уақытта мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелер тек өңірлерде штаттық режимде жұмыс істейді.

Алматы. 20 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін еліміз бойынша барлық бүлдіршіндердің тек 16,8% балабақшаларға барған. Бұл туралы ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің басшысы Майра Мелдебекова мәлімдеді.

Бүгін Қазақстанда 149 300 бүлдіршін балабақшаларға барды. Қазіргі уақытта мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелер тек өңірлерде штаттық режимде жұмыс істейді.

Төтенше жағдай енгізілгенге дейін мектепке дейінгі ұйымдарға 888,3 мың бала келген. Егер ТЖ бірінші күні (16.03.2020 ж.) мектепке дейінгі ұйымдарға келушілер көрсеткіші 42% (392,0 мың адам) болса, ағымдағы жылдың 19 наурызында тек 28%-ды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жариялануына байланысты мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар жабылған болатын. Сондай-ақ, Түркістан облысында халықтың тығыздығына және инфекцияның таралу қаупінің жоғары болуына байланысты барлық балабақшалар жұмысын тоқтатты.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі ата-аналарға балаларды мүмкіндігінше мектепке дейінгі ұйымдарға апармауды ұсынған еді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны