21.09.2020, 21:03 4879

Бүкіләлемдік "World Сleanup Day" экологиялық акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласында ағаштар отырғызылды

Экология министрлігінің бастамасымен бұл жылы акция бір уақытта бүкіл өңірде өтіп жатыр. Шара аясында Елордадағы триатлон-саябақта ағаштар отырғызылып, автомобиль жолдары бойындағы қоқыстар жиналды. Акция кезінде санитарлық-эпидемиологиялық сақталды.

Алматы. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүкіләлемдік "World Сleanup Day" экологиялық акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласында ағаштар отырғызылды.

Экология министрлігінің бастамасымен бұл жылы акция бір уақытта бүкіл өңірде өтіп жатыр. Шара аясында Елордадағы триатлон-саябақта ағаштар отырғызылып, автомобиль жолдары бойындағы қоқыстар жиналды. Акция кезінде санитарлық-эпидемиологиялық сақталды.

"Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында берілген орман алқаптарында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу тапсырмасын орындауға бағытталған бүкілхалықтық акцияның тек бастамасы. Ағаш отырғызу ел бойынша әлі жалғасын табады",- деді Экология, геология,геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

"Негізінен осы жерде, Елорда орталығында жаңа парк болады. Болашақта бұл ағаштар спортшыларды желден қорғайды. Азаматтар жиі келетін, демалуға ыңғайлы, әрі әдемі орынға айналады. Қоршаған ортаның жақсаруына әсерін тигізеді"- деп айтты ол.

Сенбілікке сонымен бірге Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәжіліс Төрағасының орынбасары В.Божко, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен қала тұрғындары қатысты.

"Бірге-Таза Қазақстан" акциясы Қазақстанның барлық өңірлерінде волонтерлардың, эко-белсенділердің қатысуымен өтіп жатыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны