12.12.2019, 14:55 7432

БҚО - да 16 мың литрден аса алкоголь өнімі тәркіленді

Бөрілі аудандық сотының 10.12.2019 жылғы қаулысына сәйкес РФ азаматы 50 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл 126 250 теңгені құрайды, және барлық алкоголь өнімі тәркіленді.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - БҚО - да 16 мың литрден аса алкоголь өнімі тәркіленді.

2019 жылдың 26 қарашасында "Ақсай" өткізу пунктінде ҚР аумағынан РФ аумағына, Орынборға шыққан кезде Қазақстан-Ресей шекарасында 08.11.2019 жылғы ұйғарымның негізінде Бөрілі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері РФ азаматына қатысты мемлекеттік нөмірі У237 НУ 56 FREIGHTLINER автокөлігіне тексеру жүргізді, оның барысында ілеспе жүкқұжатсыз 324 кег/16 200 литр мөлшерінде алкоголь өнімінің тасымалданғаны анықталды.

Ол 16.07.1999 ж. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" ҚР 429-І Заңының 9-бабының 5-тармағын бұзу болып табылады.

Басқарма қызметкерлерімен тексеру актісі жасалып, автокөлік айып тұрағына орнатылып, 324 кег / 16 200 литр мөлшерінде құны 2 673 000 теңге құрайтын алкоголь өнімі тәркіленді. РФ азаматына қатысты ҚР ӘҚБТК-нің 282-бабының 7-тармағы 3 тармақшасы бойынша жасалған әкімшілік материал Бөрлі аудандық сотына берілді.

Бөрілі аудандық сотының 10.12.2019 жылғы қаулысына сәйкес РФ азаматы 50 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл 126 250 теңгені құрайды, және барлық алкоголь өнімі тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны