Система Orphus

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі адалдық, ар-ұяттылық және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады

21.08.2019, 14:35 59347
БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі адалдық, ар-ұяттылық және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады

Орал. 21 тамыз. Kazakhstan Today - 19 тамызда "Евразия" туристік -сауықтыру кешенінде "Ақжайық - адалдық алаңы" жобасының аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп болып өтті.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет, "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлия Салиева , облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Гумарова қатысты.

Іс-шара барысында отаншылдық рухтағы әндер айтылып, тақпақтар мен өлеңдер оқылып, "Біз адалдықты таңдаймыз!" тақырыбында флэшмоб өткізілді.

Биылғы магистратураға түсуге арналған тестілу сынағы да осындай ұран астында өткізілді.

2019 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде барлық білім беру бағдарламалары бойынша кешенді тестілу негізінде қабылдау арқылы магистратураға түсудің жаңа форматы қабылданды. Жоғары оқу орындары өз кезегінде қабылдау емтихандарына қатысқан жоқ.

Емтихан барысында ашықтықты, адалдық пен мөлдірлікті қамтамасыз ету үшін облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы Арнайы мониторингтік топтың мүшелері бақылаушылар ретінде тартылды.

Тестілу сынағы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік университетінің негізінде өткізілді. Тестілу сынағына бес күнде 574 талапкер қатысты (20 үміткер келмей қалды).

Емтиханға кіргізген кезде 139 мультимедиялық және мобильді құрылғы, 10 шақты қотарма қағаз (шпаргалка) тәркілеп алынды.

Дұрыс жауапты мобильді телефон көмегімен көшіріп отырған 17 талапкердің нәтижелері жарамсыз деп танылды немесе олар емтиханнан шығарылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі бұқара өкілдерімен бірлесе отырып, адалдық, ар-ұяттылық және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны