18.02.2020, 23:05 8339

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағында қатты радиактивтік қалдықтарды көму жобасы іске асырылады

Жаңа Экологиялық кодекс қабылданғаннан кейін, 2,2 мыңнан аса кәсіпорын озық қолжетімді технологияларды одан әрі енгізу үшін техникалық аудиттен өткізіледі

Алматы. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның Экология министрлігі "Қазатомпром" ҰАК" АҚ-мен бірге қатты радиоактивтік қалдықтарды көму жөніндегі жобаны іске асырады.

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен "Қазатомпром" ҰАК" АҚ қоршаған ортаны қорғау саласындағы меморандумды бекітті. Құжатта келісілген жобалардың қатарында қатты радиоактивтік қалдықтарды көму жөніндегі жобаны іске асыру бар. "Қазатомпроммен ұлттық компания жұмыс істейтін өңірлердегі қоршаған ортаны жақсартудың бірқатар шараларын іске асыруға сөз байласып, тиісті құжатқа қол қойдық. Атап айтқанда, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағында "ҮМЗ" АҚ қатты радиактивтік қалдықтарды көму жобасы іске асырылады", - деп жазды Қазақстан Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев дүйсенбіде өзінің Twitter-дегі парақшасында. Министрдің пікірінше, "бұл радиоактивтік қалдықтардың қоршаған ортаға және тұрғындарға қандай да бір әсер етуін барынша болдырмайды".

Келісім шеңберінде, сондай-ақ, ұлттық компания кәсіпорындарында озық қолжетімді технологияларды одан әрі енгізу үшін техникалық аудит өткізіледі.

"Компанияның жаңа Экологиялық кодекс жобасындағы тиісті заңнамалық нормалар қабылдағанға дейін, қоршаған ортаға зардапты азайтуға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды өндіріске енгізуді көздеуі қуантады", - деп атап өтті Экология министрі.
М.Мырзағалиевтің айтуынша, Кодекс қабылданғаннан кейін, 2,2 мыңнан аса кәсіпорын осы тектес техникалық аудиттен өткізіліп, озық қолжетімді технологияны енгізуі тиіс.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны