04.07.2019, 13:26 9334

Б.Сағынтаев: Алматы үшін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігі маңызды

"Медициналық қызметтің сапасы - біздің мегаполисті дамытудың басты көрсеткіші. Сондықтан бірге жұмыс істеп, орын алған кемшіліктерді тікелей айтып, оларды шешу мен саланы дамыту жолдарын табу қажет", - деп атап өтті Алматы әкімі.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев №5 ҚКА барған кезінде медицина қоғамдастығымен, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті және қаланың денсаулық сақтау саласының ағымдағы жағдайын талқылады, сонымен қатар проблемалық мәселелерді ашық айтты әрі саланы одан әрі дамытудың жолдарын белгіледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай медициналық қызметтің қолжетімділігі, денсаулық сақтау саласын цифрландыру, дәрігерлердің мәртебесін арттыру сынды мәселелерді шешу қажет.

"Медициналық қызметтің сапасы - біздің мегаполисті дамытудың басты көрсеткіші. Сондықтан бірге жұмыс істеп, орын алған кемшіліктерді тікелей айтып, оларды шешу мен саланы дамыту жолдарын табу қажет", - деп атап өтті Алматы әкімі.

Қалалықтардан алғашқы медициналық-санитарлық және "жедел" жәрдем қызметтерінің, стационарлардың жұмысы, медперсоналдың дөрекілігі, дәрілердің жетімділігі бойынша арыздар мен шағымдар жиі түседі.

Бұған қоса, Алматы әкімі қалалық қоғамдық денсаулық басқармасына жұмысты жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

"Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы екі апта ішінде проблемалық мәселелерді шешудің кешенді жоспарын әзірлеуі қажет. Мұнда барлық аспектілер ескерілуі тиіс", - деп қорытындылады сөзін Б.Сағынтаев.

Сонымен қатар, қала әкімі айдың соңына дейін қаланың барлық медмекемелерінде медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану және тұтыну бағасы бойынша аудит өткізуді тапсырды.

Кездесу барысында оған қатысушылар денсаулық сақтау саласының жағдайы туралы өз пікірлерін білдірді және проблемалы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарын айтты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны